02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Базарда, сауда орнында ұстанатын әдеп

Базарда, сауда орнында ұстанатын әдеп

Ислам тарихы

Үйден шығарда күнәға ұрынбаудан, зұлымдық пен хақсыздықтан және надандықтан Алла Тағалаға сыйынады.

Үйден “Бисмиллаһи тәуәккәлтү аләллаһи лә хаулә уә куввәтә иллә биллаһил-Алиййил-азиим” деп шығу керек.

Үйден шығарда және үйге қайтарда Аятүл-Курси оқылады.

Базарда, сауда орнында одан бөлек мына дұға оқылады: “Лә иләһә иллалаһү уахдәһу лә шәрикә ләһ. Ләхүл-мүлкү уә ләхәл-хамдү йухйи уә йүмитү уә хүуә хаууүн лә йәмүт. Би йәдихил-хайр уә хүуә алә күлли шәйин қадир”.

Бұл дұға күнде таң және кеште 11 мәрте оқылады. Базарға барарда, жолда жүргенде, көшеде, кез келген жерде оқылады.

Пайғамбарымыз (с.a.у.): “Мұны оқыған адамға Алла Тағала миллион сауап жазады, миллион күнәсін кешеді, ал дәрежесін миллион есе көтереді” деген. Оқыған мұсылманның иманы жаңарады. Бұл дұға Расулуллаһтың (с.a.у.) шапағатына ең үлкен себеп.

Маңызды шаруалардан қалдыратындықтан, қажет болмаса, базарда бекер жүрмейді. Қажеттілік бойынша базарда, сауда орнына барғанда ұстануға тиісті мынадай әдеп түрлерін сақтау керек: Көзді харам мен мәкрух нәрселерден сақтау. Жолда жұртқа кесір келтіруі мүмкін бірдеңе көрсе, оны алып тастау. Сәлем бергенге жауап қату. Жақсыны бұйырып, жаманнан тыю. Адасқанға жол көрсету.

Жолда зағип біреуді кездестірсе, көмек көрсетуге рұқсат сұрап, айтқан жеріне апарып салу. Зағип жанды діттеген жеріне апарғанда жасалған әрбір қадамға бір құлды азат еткендей сауап жазылады.

Басын сәл алға иіп, көзін аяқ атар жерге дейін салып, жылдам жүреді. Өйткені жүрісте тәкәппарлық болмауға тиіс. Шайқалып, кеуде кере жүрмеу керек. Өйткені бұл менмендіктің белгісі.

Жолда жүргенде бейғам болмау қажет, телефонға алақтап көп қарамаған дұрыс.

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: