19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Шәкерім Құдайбердіұлы: Қаж туралы

Шәкерім Құдайбердіұлы: Қаж туралы

Мақалалар
Жарнама

Қаж қылуға жол қаражатына да һәм үй ішінің нәпақасына да малы жетерлік байларға ғұмырында бір мәртебе қаж қылмақ парыз және жол аманшылық болмақтығы шарт.

Егерде жол қауіпті болса, тоқтай тұрады. Қаждың үш парыз бар — әуел ихрам байламақ.

Ол ихрамды байлайтұғын орындары бар, оны ми қат дейді. Қай жақтан Меккеге барса да, тұсындағы миқаттан өтпей тұрып ихрам байлайды. Микаттан өткен соң байлаған ихрам дұрыс болмайды.

Екінші парыз ғарафа күнінде, яғни құрбан шалатұғын күннен бір күн бұрын ғарафатта тұрмақ парыз. Ғарафа күнінің шаңқай түстен құрбан күнінің таңы атқанша сол ортада азғана тұрса да, парызы мойнынан түседі.

Үшінші парыз — құрбан шалуға дұрыс үш күннің бірінде қағбатулланы жеті айналып тауап қылмақ.

Осы айтылған үш парыздың бірі қалса, қаж болмайды.

Қаждың бес уәжібі бар. Әуел муздалифада тұрмақ құрбан күнінің ерте намазынан соң азғана тұрса да болады. Екінші уәжіп — сапа менен мәруа арасында жеті мәртебе сәғи қылып жүрмек. Үшінші уәжіп — мине де шайтанға жеті тас атпақ. Төртінші — құрбан шалса, шалып болған соң ихрамнан шыққанда шашын алдырмақ, яки қырықтырмақ. Бесінші уәжіп — қайтарда амандасқан ниетте болып қағбатул-ла-һиды жеті айналып тауап қылмақ. Мұнан басқа сүннет мустахабтары көп. Бірақ оларды қылса сауабы көп, қылмаса да қаж болады. Парыз қалса, тіпті қаж емес, уәжіп қалса да, кемшілігі болғаны болады.

Қаж жолында жүргенде, әсіресе, ихрамда жүргенде сақтанарлық іс көп. Ихрамда жүргенде ұрғашыдан һәм барша күнәдан, ұрыс-жанжалдан, құрбаннан басқа жанды нәрсе өлтіруден, не өлтіруге ишара қылудан қатты сақтану керек және иісті нәрсе жағыну, тырнақ алу, бір қылды түсіру, еркектер басын жабудан, қай жеріне болса да башмактан басқа тігулі киім киюден, сәлде ораудан, бір көк шөп, яки жерге біткен ағаш болсын, сондайларды үзіп сындырудан — осындайдан бек қатты сақтық керек. Аятта: «фа ла рафәсә уа ла фусука уа ла джидала фил-хаджи» — мағынасы: ұрғашыға жатпақ, бұзықтық күнә қылмақ, жанжал шығармақ — қаж жолында бұлар дұрыс емес.

Ихрам байлағанда ниет қылмай болмайды. Егерде жалғыз ғана парыз қажды ниет қылса, «Аллаһумма инни ури-дул-хаджжа фа йассираһу ли уа такаббал минни» дейді. Мағынасы: әй, Алла Тағала, мен қаж қылуға ниет қылдым, қаж қылмақты маған жеңіл қыл һәм қажымды қабыл қыл деген болады. Егерде қиран болса, яғни қиран қаж деген парыз қажбенен ғұмырына бірге ниет қылған болады. Онда «Аллаһумма инни уридул-гумрата уал-хаджжи» деп ниет қылады. Егерде қаж болса, яғни басында жалғыз ғана ғұмыраны ниет ңылса, «Аллаһумма инни ури-дул-гумрата» деп ниет қылады. Ол мынау: лаббайка Ал-лаһумма лаббайка ла шариқа лака лаббайка аннал-хамда уал-нигмата лақа уал-мулка ла шарика лака» — бұл тәрбиені әрқашан қажылар біріне-бірі жолыққанда, жоғары шыққанда, төмен түскенде, бір халден бір халге ауысқанда айтып жүреді ихрамда жүргенде. Жоғарыдағы айтылған ихрамда жүргенде қылма деп тыйған нәрселерді ұмытып істеп қойса, әрқайсысының әр түрлі кіфараты бар. Кейбіреуін қылғанға түйе, яки сиыр құрбан қылмақ кейбіреулеріне қой құрбан уәжіп болып, кейбіреуіне садақа уәжіп болады. Оларды кітабынан қараңыздар.

"Мұсылмандық шарты" кітабынан

Бөлісу: