Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз ортағасырлық Ислам философиясының ірі өкілдерінің бірі. Аристотель мен Платон трактаттарын араб тіліне аударып, Шығыс перипатетизмінің негізін қалады.
Діни-философиялық трактаттарының өзектілігі мен маңыздылығы ғасырлар өткен сайын жаңарып, сырлары ашыла түсуде. Діни философияның дамуына үлес қосып, Ислам дініндегі адам ақялына берілген мүмкіндіктер аясында мәнді рухани ілімдер қалдырып, адамзат өмірінде өзгерістер, тың ғылым салаларын әкелуге болатынын дәлелдеді.
Ұрпақтары даңқты бабамыздың еңбегін зерделей отырып, қазақстандағы ең беделді жоғары оқу орнына әл-Фраби бамыздың аты берілді. Бүгінгі таңда Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180 сала бойынша мамандар дайындайтын еліміздегі белді жоғары оқу орны. Бүгінгі таңда университет 37 мамандық түрі бойынша білікті кадр дайындайтын халықаралық беделі бар ғылыми-зерттеу орталығы саналады. Аталған жоғары оқу орнында 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен елу философия докторын қамтыған 2000-нан астам жоғары білікті оқытушы болашақ мамандар даярлау ісіне ат салысуда.
Оқу орнында кредиттік оқыту жүйесі, Болон реформасына сәйкес білім беру ісі жүргізіледі, оқу үдерісінің ашықтығы, академиялық ілкім алу мүмкіндігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы маман даярлау тәжірибесі университет деңгейін мемлекеттік, аймақтың деңгейден халықаралық бәсекелестікке қабілетті оқу ордаларының қатарына жеткізді. Соңғы жылдары білім саласына берілген мүмкіндіктердітолық пайдалана отырып, зор жетістіктерге жетуде. QS World University Rankings Results 2011 және Top Universities сайтының мәліметтеріне сүйенсек университет 2009 жылғы 600-орыннан 2011 жылы алдыңғы 401-орынға дейін көтерілген[1][2]. 2012- жыллға келгенде аталған оқу орны әлемдегі үздік 390 университеттің қатарына қосылды[3]. Сонымен қатар, «Рейтинг.kz» сайтының ірі компаниялар жетекшілері мен мамандары арасында жүргізген сауалнама нәтижесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 5-орынға табан тіреп отыр[4].
Осындай белді оқу ордасында әл-Фараби бабаларымыздан қалған рухани мұралардың ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында игі шаралар кезең-кезеңімен қолға алынып келеді. Айталық, 2018 жылы университетте дінтану мамандығы ашылды.
Бұл еліміздегі дінтану ғылымының тарихындаға айырықша белес деуге болады. Ғасырға жуық оқыту тәжірибесі бар, білікті мамандар мен сапалы кадрлар қосыны бар, рейтингі жоғары оқу орнында бұл мамандықтың оқытыла бастауы айырықша мәнге ие.
Жаһандану үрдісі белең алып, ұлттық құндылықтар мен діни, философиялық танымдардың жойылу қаупі туындап отырған бүгінгі таңда бұл жұмыс еліміздің рухани келбетін заманауи үрдістермен жаңғырту, тарихи құндылықтарымызды бүгінгі күннің талаптарымен ұштастыра дамытып, осызаманданған, рухани қуатты, экономикасы мығым мемлекет қалыптастыру, сапалы ұлт жасау, мәдениеттер тоғысында елдің мұрат-мүдделерімізді жат идеялогиялар мен теріс ағымдар ықпалынан қорғау мәселелерінде айырықша мәнге ие. Қала берді, әл-Фараби тектес адамзат өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан даңқты бабамыздың асыл мұрасын ұрпақтар жүрегіне ұялатып, бай қазынасының ғылым жолында қызмет етуі үшін кешенді жұмыс жасайтын мамандар қосынын дайындау мәселесі аса маңызды.
Астана қаласында 10-11 қазан аралығында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезінде Қазақстан Президенті білім, радикализм идеяларының кез келген көріністеріне қарсы тұрақты иммунитеттің негізі саналатындығын баса айтты. Елбасы: «Бұл ретте діни сауаттылық төтенше маңызды мәнге ие. Қазір оның платформасын түрлі псевдодіни ұйымдар белсенді пайдаланып отыр. Сондықтан әлемдік және дәстүрлі діндер діни құндылықтардың саяси идеологиядан ара жігін ажырату бойынша жұмыстар жүргізе алар еді», - деген еді.
Студенттер интернет арқылы да отандық және шетелдік ғалымдардың жаңа әдебиеттерін пайдалануға толық мүмкіндігі бар. Шет елде және еш ішіндегі діни бірлестіктерде, ішкі саясат департаменттерінде, оқу орындарында және т.б. жерлерде практикадан өте алады. Ағылшын, араб, парсы, түрік тілдерінде сабақ алу мүмкіндігі бұл мамандыққа түсушілер үшін айырықша мүмкіндік болып отыр. Жолға қойылған жаңа Академиялық саясаты негізінде білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі арқылы студенттердің сапалы білім алуға болады.
Ерекше бір мән беруге тиісті түйін аталған мамандықты үздік нәтижемен тамамдаған студенттер магистратура мен РһD сатылары бойынша өз білімдерін жалғастыра алады.
Демек, Әбу Насыр әл-Фарабидың аты берілген іргелі білім ордасында ортағасырлық діни философияны дамытқан даңқты бабаларымыздың мұрасының ұрпақтар сабақтастығы өз жалғасын тауып отыр.
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, доцент ф.ғ.к. Мухитдинов Р.С.
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, "Исламтану" мамандығы, магистрант Байзақ М.М.
_____________
[1] Top Universities http://www.topuniversities.com/institution/al-farabi-kazakh-national-university
[2] http://www.universityworldrankings.com/index.php?range=401-500&type=qs&year=2011
[4] "Рейтинг.kz" зерттеу орталығының сауалнамасы