22
Жұма,
Қараша

һижри

Жаманшылықтың уақытша болатындығы

Жаманшылықтың уақытша болатындығы

Ақида
Жарнама

Теңіз жағасында жүргенде шағалалардың су үстіндегі билерін немесе кішкентай ғана құстың ағаштың жіңішке бұтағында сайрағанын көрген кезде үлкен рахат сезінеміз. Сосын біраздан кейін досымыздан естіген ауыр хабар жүрегімізді сыздатады. Жүрегіміз бен көңілімізде алдында сезінген рахаттан ешбір із қалмайды. Бірақ, біраздан кейін көзіміз бен құлағымыз қайтадан рахат беретін көріністер мен дауыстарға түседі. Бұл өмір қайқаң-еніс осылай жалғаса береді.

Кейде кейінге қарап басымыздан кешірген осыншама қиыншылықтарды көз алдымыздан өткізетін болсақ, болған оқиғаларға мағына бере алмаймыз. Неге алған ләззаттарымыз өткінші? Аузымыздың дәмі неліктен ащылармен бұзылады? Біраздан кейін ащылардың да өткінші екенін түсінеміз. Бірақ, олар неге уақытша деп сұрамаймыз. Өйткені тек ләззаттар мен рахаттарды ғана қалаймыз. Ауыртпалықтар мен қасіреттерді ешқашан қаламаймыз. Олардың ешқашан болмағанын қалаймыз.

Басымыздан өткен қиыншлықтардың барлығы сол немқұрайлықтың нәтижесі. Ләззаты да, азабы да мәңгілік сый мен жаза мекенінің бар екендігін ұмытамыз. Кейде оны еш есепке алмаймыз. Сол себеті, тамаша бір сәттің артынан басымызға келген ауыр жағдай бізді ашуландырады. Алайда, Алла тағала жамандықты тікелей жаман болғаны үшін қаламайды. Тек оның астындағы жақсылыққа байланысты қалайды. Жамандық бір залымды жазалау үшін болсын, бір адамның қабілетін тексеру үшін болсын, қандай жағдайда да жақсы. Біреуінде залымның зұлымдығына кедергі. Екіншісінде бір адамның мәңгілік бақыт мекенінде табысқа жету мүмкіндігі туады.

Жер бетіне қарайтын болсақ, рақымшылық көріністерінің басым екендігін көреміз. Отты көбінесе бізге пайдалы істерде қолданамыз. Ол анда-санда жанымызды ауыртады немесе бізге әртүрлі зиян тигізеді. Өйткені, Алланың рахымы азабынан артық (басым).

Бізге жаман болып көрінген оқиғалардың қайсысына қарасақ та, олардан туындаған ауыртпалықтар мен қасіреттердің барлығы өткінші, уақытша. Олардың ешбірі қанша жаман болып көрінсе де, үлкен бір жақсылыққа себепкер болатындықтан жек көру дұрыс болмайды. Өйткені, олар тікеле жаман болғаны үшін ғана емес, тұрақты бір қайырға себеп болғандығы үшін уақытша басымызға келеді. Қысқаша айтқанда, жаманшылық бір залымды жазалау үшін болсын, біреудің қабілетін тексеру үшін болсын, қандай жағдайда да жақсы. Біреуінде залымның зұлымдығына кедергі, екіншісінде бір адамның мәңгілік бақыт мекенінде табысқа қол жеткізу мүмкіндігі.

материал «Алланың әділдігі мен рахымы» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: