19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Әз Наурызда арулар игі іспен жарысты (ФОТО)

23 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz Бүгін ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі «әйел-қыздар» секторы және «Нұр Астана» орталық мешітінің «Жібек» қыз-келіншектер клубының мүшелері ұлыстың ұлы күніне арнайы қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.

Жұма күніне сәйкестендірілген жәрмеңкеде клуб мүшелері өз қолдарынан дайындалған тәтті тағамдарды сатты. Мешіт жанындағы Наурыз мерекесіне жиналған қауым күннің суығына қарамастан сауапты іспен жарысқан қыз-келіншектердің саудасын жүргізіп, алғысын білдіріп жатты. 

Айта кетейік, бұған дейін 1 наурыз – Алғыс күнінде ұйымдастырылған жәрмеңкеден түскен 140 000 теңге қаражат 14 көп балалы аналар мен жағдайы төмен отбасыларға жұмсалды.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

zhiibek2303 (1)

zhiibek2303 (1)

zhiibek2303 (1)

zhiibek2303 (1)

zhiibek2303 (1)

zhiibek2303 (1)

zhiibek2303 (1)

zhiibek2303 (1)

zhiibek2303 (1)

zhiibek2303 (1)

Думанды Наурыз мейрамы дүбірлеп өтті жұмада (ВИДЕО+ФОТО)

23 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz Бүгін «Нұр Астана» орталық мешіті жұма намазына жиналған жамағат пен қала қонақтарына Наурыз мейрамына  орай мерекелік шара өткізді. Мешіттің ауласында 2 киіз үй тігіліп, жиналған қауымға тегін наурыз көже таратылды.

Астана қаласының мешіттері арасында Наурыз мейрамына орай теңбіл доптан жарыс өтті (ФОТО)

22 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz Бүгін Наурыз мейрамына орай ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті және «Әс Салям» мешітінің бірлесіп ұйымдастыруымен қаладағы мешіттер жамағатының арасында теңбіл доптан жарыс өтті.

Ұлыстың ұлы күніндегі ғибратты кездесу

22 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі Асқар Әбітайұлы Астана қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Данияр Есинмен кездесті.

«Астана – мейірімді қала» қайырымдылық керуені жолға шықты (ФОТО)

22 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz Бүгін ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің жанынан Аягөз қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға арналған «Астана – мейірімді қала» акциясы аясында қайырымдылық керуені жолға шықты.

Бас имам Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек Әмірханұлына алғыс хат тапсырды

20 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz Бүгін ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі «Нұр Астана» орталық мешітінің  Бас имамы Әбітайұлы Асқарды Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек Әмірханұлы қабылдады.

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі Әбітайұлы Асқар "Әлжан ана" мешітіндегі ауызашарға қатысты

20 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz  Кеше ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Әбітайұлы Асқар «Әлжан ана» мешітіндегі Ережеп айының құрметіне ұйымдастырылған  ауызашарға қатысты.

«Нұр Астана» орталық мешітінде «Исламдағы отбасы» тақырыбына уағыз жасалды

17 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz  Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде ақшам намазынан кейін әзірет Сұлтан мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев «Исламдағы отбасы» тақырыбына уағыз жасады.

Әз Наурыз - ауызбірлік мейрамы

15 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан діни бірлестіктері өкілдерінің Жиыны отырысы болды.

Жемқорлық - сүйекке түскен таңба

15 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Әбітайұлы Асқар «Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы діни бірлестіктердің ролі»  атты конференцияда баяндама жасады.