29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Өкіл имам ерекше ерлігі үшін марапатталды

24 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін Қарағанды облысының полиция департаментінде 2019 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған қызметті қорытындылайтын кездесу өтті. Отырыс барысында полиция департаменті басшысының орынбасары Ерлан Файзуллин Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ Қазкенұлы Бекқожаны төтенше жағдайда көрсеткен азаматтық ерлігі үшін ІІМ-нің логотипі бейнеленген арнайы сағатпен марапаттап, басшылық атынан үлкен алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти халықаралық ғылыми конференцияға қатысты (ФОТО)

24 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Шымкент қаласында өткен «Ұлы даланың батырлары – ақ тулы сіргелі Жабай батыр» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, баяндама жасады, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Хан Кене әскерінің ізімен: Торғайдан Созаққа дейін атты экспедиция шықты

23 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Қазақ эпос» компаниясының ұйымдастыруымен Торғайдан Түркістан облысының Созақ ауданына атты экспедиция жолға шықты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан: БҰҰ арнайы елшісі Сирия келіссөзіне қатысады

23 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – 25-26 сәуір күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Сирия бойынша келіссөзге БҰҰ Сирия жөніндегі арнайы елшісі Гейр Педерсен қатысады, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Серікбай қажы Ораз депутат Бақыт Смағұлмен кездесті (ФОТО)

23 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Елордада ауған соғысының ардагері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлмен сұхбаттасты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Терроризмнің шекарасы жоқ – Тоқаев Шри-Ланкадағы жарылыс туралы

22 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланкадағы теракт кезінде қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған  ummet.kz тілшісі.

Түркияда қазақстандық студенттердің жиыны өтті (ФОТО)

22 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz –300-ден аса қазақ жастары діни білім алатын Түркия Республикасында ҚМДБ-ның бірінші төраға орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерішісі Алтынбек Ұтысхан, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаевтың қатысуымен 20-21 сәуір күндері тұңғыш рет «Түркияда оқып жатқан Қазақстандық дінтанушылар құрылтайы» өтті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Президент Қордайдағы жол апатына көңіл айтты

22 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Жалпықалалық сенбілікті өткізу кейінге шегерілді

19 cәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Жалпықалалық сенбілікті өткізу уақыты туралы қосымша хабарланатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Халал Даму: 30 компанияға «Халал» сертификаты берілді

19 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Жыл басынан бері ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС 30 компанияны сертификаттап, 7 компанияның қызметін тоқтатты.  Қазіргі таңда барлығы 282 компания «Халал Даму» ЖШС-ң бақылауында, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Мешіт қызметкеріне Бас мүфти атынан «Алғыс хат» табысталды (ФОТО)

18 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас Ғылмани» мешітінде қызмет атқаратын Наград Әленханұлы ұзақ уақыттық дін саласында атқарған қажырлы жұмысы үшін Бас мүфтидің атынан арнайы алғыс хат табысталды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.