29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти Моңғолия мүфтиін қабылдады (ФОТО)

20 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астанада Моңғолия мұсылмандар одағының төрағасы, қандасымыз, мүфти Батырбек қажы Хадысұлын қабылдады, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Діни бірлестіктер өкілдерінің басқосуы өтеді

19 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлының төрағалығымен ҚР Ұлттық музейінде Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдері Жиынының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратын аралады (ФОТО+ВИДЕО)

18 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Нұрсұлтан Назарбаев елорданың Алматы ауданындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратын аралап көрді, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Берік Арын елшісілік қызметке тағайындалды

19 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz - Берік Арын Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшісі болып тағайындалды , - деп хабарлайды Ақорда сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Фото: tengrinews.kz

18 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Астананың сол жағалауында жаңа мешіт салынады. Оның іргетасы қалауға Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілішісі.

Мешіт шәкірттері арасында Волейбол турнирі өтті (ФОТО)

18 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Елорда мешіттеріндегі Діни сауат ашу курстарында тәлім алатын шәкірттер арасында Волейбол турнирі болып өтті. Салауатты өмір салтын насихаттап, мешіт шәкірттерінің бір-бірімен етене араласуы мақсатында ұйымдастырылған спорттық сайысқа Астана қаласындағы 10 мешіт шәкірттері және «Астана» медресе-колледжі мен «Нұр Астана» мешітінің Діни сауат ашу орталығының шәкірттерінен жасақталған 12 команда қатысып, өзара бақ сынасты, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілішісі.

Астанада Наурыз мерекесіне орай қайырымдылық марафоны өтеді

18 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Астана қаласында 24-наурыз күні тұңғыш рет «AstanaNauryzMarathon» атты жүгіруден қайырымдылық марафоны өтеді. Қайырымдылық шарасына кез келген адам қатыса алады, деп хабарлайды inform.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілішісі.

ҚМДБ: Күллі мұсылман үмбеті қаралы хабардан қара жамылды

16 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Кеше, қасиетті жұма күні Жаңа Зеландияның Кристчерч қаласында қандықол қылмыскерлер екі мешітте оқ жаудырып, 50-ге жуық мұсылманның өмірін жалмады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти жастармен жүздесті (ФОТО)

15 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Гуманитарлық заң колледжінде жастармен кездесті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілішісі.

«Ғылмани» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды (ФОТО)

15 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Астана қаласындағы «Сәдуақас Ғылмани» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті жұма намазына жиылған жамағатпен жүздесіп, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен таныстырды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілішісі.

Шұжық өніміне шошқаның терісі қосылған

15 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz – Қазақстанда өндірілген шұжықтарда жануарлардың терісі, сүйегі және шайыр табылған, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.