29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Елордада діни бірлестіктердің өкілдері бас қосты

Нұр-Сұлтан. 28 тамыз. Ummet.kz – Бүгін елордада «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетімен бірлесе отырып Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай ұйымдастырылған Қазақстандағы діни бірлестіктер өкілдерінің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Үкімет «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын бекітті

28 тамыз. НҰР-СҰЛТАН. Ummet.kz  Бүгін Үкімет отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Әзірет Сұлтан» мешіті 250 оқушыны мектепке дайындады (ФОТО)

27 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі бойынша басталған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жалғасын тапты, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Мектепке жол» акциясы «Әс-Сәләм» мешітінде жалғасты

26 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елорда мешіттерінде өтіп жатқан «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы «Әс-Сәләм» мешітінде жалғасын тапты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі тігін үйірмесінің түлектеріне сертификат табысталды (ФОТО+ВИДЕО)

26 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде тағы қуанышты шара болып өтті. Осыдан екі ай бұрын ашылған «Алтын ине» тегін тігін үйірмесінің бүгін алғашқы түлектері оқу курсын тәмамдап, арнайы сертификатқа ие болды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Абай атындағы мектеп-гимназия ашылады

23 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада 1 қыркүйекте Абай атындағы мектеп-гимназия ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Нұр-Мүбарак университетінде докторантураға қабылдау емтихандары басталды

23 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде «Исламтану», «Дінтану» ғылымдары бойынша докторантураға қабылдау емтихандары басталды, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қазақстандық қажылар толығымен елге жетті

23 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz  – Қазақстан қажылары парыз құлшылықтарын толығымен орындап, елге оралды, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ: «Талаба» қауымдастығы құрылды (ФОТО)

22 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Талаба» қауымдастығы құрылды. Бұл – шетелдік оқу орындарында діни бағытта оқитын қазақстандық студенттермен жүйелі жұмыс жүргізетін, бірлескен игі жобаларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметінесілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бірінші наиб мүфти Алматы қаласындағы сегіз ауданның бас имамын қабылдады (ФОТО)

22 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Алматы қаласына жасаған іссапар аясында ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы алып шаһардағы құлшылық ордаларының жай-күйінен хабардар болып, жаңа оқу жылы қарсаңындағы дайындықтарымен танысып шықты, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Меценат көлік жуатын жерде өмір сүретін отбасына пәтер сыйлады

19 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласында екі баласымен көлік жуатын жердегі коммуналдық бөлмеде өмір сүріп келген Исатай Таумашевқа есімі жасырын қалуын қалаған азамат 2 бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.