02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Әжелер Оразаға арнап отыз Құран хатым түсірді (ФОТО)

2 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі Діни сауат ашу курсының әйел шәкірттері қасиетті Рамазан айының құрметіне орай оразаның 30 күніне арнап, Құран Кәрімді хатым етуді бастаған болатын. Ұлық ай есігімізден енісімен хатым түсіруді бастап 30 әже бүгін Құран кәрімді толығымен аяқтап, Құран хатым дұғасын жасады, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қазақстан қалалары бойынша айт намазының уақыттары (2019 ж.)

2 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты қалалардағы ораза айт намазы оқылатын уақытты жариялады, деп хабарлайды muftiyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Наурызбай қажы Тағанұлы қарилармен кездесу өткізді (ФОТО)

2 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Рамазан айы бойы Бас мешітте Құран хатым еткен қарилармен кездесу өткізді, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ: Ораза айт күніне қатысты мәлімдеме

31 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – 2019 жылдың 11 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында өткен басқосуда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімдерінің басшылары жаңа айдың тууын халықаралық астраномиялық зерттеу орталықтарының әдістемесі негізінде белгілеуге бірауыздан келісті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«АЛЖИР» мұражайында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі өтті

31 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған жыл сайынғы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» форумына қатысушылар Ақмола облысының, Ақмол ауылындағы «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне барды, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Елордадағы «Al Baraka» мейрамханасы халал сертификатын алды

31 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Al Baraka» мейрамханасы ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС ұйымының сертификатын алды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Аталмыш мейрамхана басшылығы тарапынан түскен өтінішке орай бір апта көлемінде тексеріс жұмыстары жүргізіліп, халал мейрамхана атына лайық деп танылды.

Сертификатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, халал өнімдерін стандарттау бөлімінің кураторы Бауыржан Әбдірәшұлы табыстады.

Осымен Нұр-Сұлтан қаласындағы халал сертификатын алған мейрамханалар мен дәмханалардың саны 40-қа жетті.

Мүфтиятта жаңа бөлім ашылды (ФОТО)

30 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада өткен ҚМДБ Орталық аппарат жиналысында Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы жаңа бөлімнің ашылғанын атап өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кәсіпкерлер 435 000 теңгенің су жаңа киімін қайырымдылыққа берді

30 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Павлодарлық кәсіпкерлер 435 000 теңгенің су жаңа киімін қайырымдылық ретінде «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің зекет бөліміне берді, деп хабарлайды mazhab.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ: Елордалық отбасылар қуанышқа бөленді (ФОТО)

30 мамыр. Нұр-Сұлтан. ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен Елордадағы 50 отбасына қасиетті рамазан айының сыйлығы үлестірілді, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

Бас мүфти Елорда жұртшылығына ауызашар бердІ (ВИДЕО+ФОТО)

30 мамыр. Нұр-Сұлтан. ummet.kz – Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың атынан ауызашар беріліп, 600-ге жуық жан берекелі дастарханның құрметті қонағы болды. Сауапты кешке ел тізгінін ұстаған азаматтар мен зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мұсылман мемлекетінің елшілері, өнер және қоғам қайраткерлері, еліміздегі БАҚ және телеарна төрағалары, Қарттар үйі мен Балалар үйі, Зағиптар орталығынан арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатысты, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

БАҚ өкілдері Бас мешіттегі ауызашарда бас қосты (ФОТО)

28 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Елордамыздағы журналистер қауымы қонақта болып, «Берекелі Рамазан» дастарханынан ауыз ашты, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.