25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Кешірім де орынды болуы керек

Кешірім де орынды болуы керек

Иман келтіру

Мынаны да еске алу қажет: Әрбір кемшілік пен қателікті кешіруге жүгіну абзалдылық деп ойламау керек. Кешірім мен бағыштау кешірім жасайтын адамның өзіне жасалған айыптарда ғана жүреді.

Өйткені сондай айыптар мен қылмыстардың бары, олар діни және ұлттық құндылықтарға, қоғам құқығына қарсы шығумен тең. Бұл жағдайларда кешіруден гөрі түзету үшін жазаға жүгіну, әділет орнатып, тура мен қатені ашық баян ету қажет. Егер ондай айып кешірілген жағдайда одан да үлкен әділетсіздікпен жөнсіздіктерге жол ашары, сөйтіп, қоғамға зұлымдық әкелері сөзсіз.

Расында Хазіреті Айша анамыз Пайғамбардың (с.ғ.с) бұл мәселедегі ұстанымын былай баян етеді: «...Расулалла өзіне жамандық жасаған адамнан кек алмады (яғни жазаламады). Бірақ Алла тыйым салған нәрселер тапталса, тыйымды бұзған адамнан Алла атынан кегін алып (жазалайтын)» (Мүслим, Фәдәил, 79; Әбу Дәуіт, Әдеп, 4).

Орынсыз ашу мен реніш бүлік пен бұзақылыққа себеп болатын сияқты қажет болған жерінде ашуланбау да сондай бүлік пен бұзақылық туғызатын мінез-құлық әлсіздігі. Қажетті жағдайда Алла үшін жек көре білу де иман талап ететін іс. Мәселен, шайқас кезінде дұшпанға қарсы айбынды болу иман құлшынысы мен жан қайнауының бір таза көрінісі, діндарлық пен отан сүйгіштіктің белгісі. Қоғам құқығына, рухани және ұлттық құндылықтарға қарсы жасалған қателерде де тап сондай айбындылық көрсету иман шаттығы мен құлшынысының бір көрінісі.

Пайғамбардың (с.ғ.с) өмірі, міне, осындай жоғары абзалдылық өлшемдерінің шырқау шектегі үлгілеріне толы. Ол өзіне қарсы жамандық жасағандарды тек кешіріп қана қоймай, оларға жақсылық жасап, абзалдылығын ең кемел деңгейде екенін көрсетіп, үмметіне үлгі болған.

материал «Хақ достарының үлгілі мінез-құлқы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: