22
Жұма,
Қараша

һижри

Жамағатпен оқыған намаздың сауабы

Жамағатпен оқыған намаздың сауабы

Намаз

Ис­лам ді­ні – жа­ма­ғат ді­ні. Сон­дық­тан жа­ма­ғат­пен на­маз оқу­ды өте жо­ға­ры ба­ға­ла­ған. Ха­на­фи мәз­һа­бын­да ер кі­сі­лер­дің бес уа­қыт па­рыз намаз­ды жа­ма­ғат­пен оқу­ла­ры – бе­кі­тіл­ген сүн­нет.

Тіп­ті бас­қа мәз­һаб­тар­да­ғы кей­бір ға­лым­дар па­рыз деп үкім бер­ген. Екі кі­сі бол­са да на­маз­ды жа­ма­ғат­пен оқу ке­рек.

Жа­ма­ғат­пен на­маз оқу ар­қы­лы мұ­сыл­ман­дар бір-бі­рі­мен та­ны­сып, ара­ла­рын­да жы­лы қа­рым-қа­ты­нас кү­шейеді. Пе­ріш­те­лер сияқ­ты Алланың құ­зы­ры­на сап құ­рып, жа­ма­ғат­пен оқыл­ған на­маз­дың сауабы, же­ке оқыл­ған на­маз­дан жиыр­ма же­ті есе ар­тық. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у) жамағатпен на­маз оқу­дың сауап­ты­лы­ғын көп­те­ген ха­дис­те­рін­де біл­дір­ген. Мы­сал ре­тін­де: «Жа­ма­ғат­пен оқы­ған на­маз­дың сауабы же­ке оқылған на­маз­дан жиыр­ма же­ті есе ар­тық». «Кім­де-кім құп­тан на­ма­зын жа­ма­ғат­пен оқы­са, түн ор­та­сы­на дейін на­маз оқы­ған­дай сауап ала­ды. Таң на­ма­зын да жа­ма­ғат­пен оқы­са тү­ні бойы на­маз оқы­ған­дай сауап ала­ды». «Адам­дар егер ал­дың­ғы сап­тың қан­ша­лық сауаптылығын білгенде­рін­де, ал­дың­ғы сап­тан орын алу үшін ара­ла­рын­да же­ре­бе тас­тау­ға дейін баратын еді». «На­маз­ды ал­ғаш­қы уақытын­да оқу­дың сауабын біл­ген­де­рін­де ол үшін жа­ры­сар еді. Құп­тан на­ма­зы мен таң на­ма­зы­ның ке­ре­мет­ті­гін біл­ген­де­рін­де, ең­бек­теп бол­са да, бұл намаздарды жа­ма­ғат­пен оқу­ға ке­ле­тін еді». Сап­тар­дың ең сауап­ты­сы – ең ал­ғаш­қы сап. Одан кейін ре­ті­не қа­рай ке­ле­сі сап­тар.

Әйел адам­дар ме­шіт­ке ба­рып жа­ма­ғат­пен бір­ге на­маз оқу­ла­ры­на бо­ла­ды. Бі­рақ үйде оқу­ла­ры аб­зал. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бұл жайлы: «Әйел­дер­дің ме­шіт­ке ба­ру­ла­ры­на бө­гет бол­маң­дар. Бі­рақ үйле­рі олар үшін ме­шіт­ке ба­ру­ла­ры­нан да аб­зал», – дейді.

материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: