Жұма намазы дұрыс болуы үшін ғұсылды және дәретті болуымен қатар:
- Қала немесе қала үкіміндегі жер болуы керек.
- Намазды орталықтан тағайындалған имам өткізуі тиіс.
- Имамнан бөлек ең аз үш балиғат жасындағы ер адам болуы керек.
- Құтпа оқылуы шарт. Құтпа оқылмаса, жұма намазы саналмайды.
- Бесін намазының уақыты кірген болуы ләзім.
- Көпшіліктің ғибадат үшін еркін кіріп-шығатын «жәәмиъ мешіт» үкіміндегі орын болуы керек. Бұл шарт ескі кітаптарда «әл-Изнуль Ғамм» деген терминмен белгілі[1].
Демек, үйде жұма намазы оқылмайды екен. Алайда, әйел адамға, жолаушыға, балиғатқа толмаған балаға, сырқат кісіге, зағип адамға, екі аяғы жоқ мүгедекке, әлдебір залымның зұлымдығына ұшыраудан қауіптенген адамға, түрмедегілерге кеңшілік танылған[2]. Бұл кісілерге жұмаға бармауға рұқсат. Оның орнына бесін намазын оқиды.
[1] Әл-Фәтәуә әт-Тәтәрхания – 2/53-56 беттер.
[2] Имам Шүрүнбүләли: Имдәд.
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz