29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір күндік уақытын қалай реттеген?

Бір адамды тану үшін 24 сағаттан тұратын бір күнін білу жеткіліксіз. Ал егер ол өзіне Алладан уахи түсетін, барша адамзатқа дінді жеткізу міндеті, отбасы тәрбиесі бар, түрлі сұрақтарға жауап беріп, көпшілік қамында жүрген пайғамбар болса, онда бір күн емес бүкіл өміріне үңілу керек, өйткені оның бір күні екінші бір күніне еш ұқсамайтын.

Пайғамбарды (с.ғ.с) әлем тұлғаларының мойындауы

Әзірет Мұхамедтің ұлы тұлғалығын мұсылмандар ғана емес, көзі ашық көкірегі ояу ынсапты басқа дін мен мәдениет өкілдері де мойындап бас иді.

Пайғамбардың (с.ғ.с) бала тәрбиесінде орта жолды ұстануы

Сүйікті елші (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) екі немересі Хасан мен Хусейінді (р.анһумә) арқалап алып аулада серуендеп жүретін.

Пайғамбарлар адамзат үшін неге маңызды?

Біз дүниеге көз ашқаннан бастап керемет әлемге тап боламыз. Мысалы, бір сәби дүниеге келместен бұрын жақындары оған қажетті заттарды алдын-ала дайындап қояды. Сол секілді біз дүниеде неге мұқтаж болсақ, осы ғажайып әлемде соның бәрі біз үшін дайын тұр.

Дін мен дәстүр: Мәуліт мерекесін тойлаудың маңызы

«Мәуліт» араб тіліндегі «уәләдә» түбірінен туындаған сөз. Мағынасы «туылған жер, туылған уақыт, туған күн» дегенді білдіреді. Мұсылман жұртшылығы «мәуліт» сөзін Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) туған күні ұғымында қолданады. Ал Ислам тарихшыларының басым көпшілігі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) туылған күнінің 571 жыл Рабиул-әууәл айының дүйсенбі күніне (571 жыл сәуір айына) сәйкес келгенін айтады.

Пайғамбарды (с.ғ.с) түсінде көрген мұсылмандарға сүйінші

Бір сахих хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде-кім мені түсінде көрсе, ол ояу кезінде де мені көреді. Себебі шайтан менің бейнеме ене алмайды», – деген.

Пайғамбардың (с.ғ.с) қарғысы

Әбу Саид әл-Худриден: Бір күні Пайғамбарымыз мешітке келеді де, мінберге шығып бара жатып бірінші тепкішекке басып «Әмин», екінші тепкішекте тағы да «Әмин», үшінші рет тағы да «Әмин» деді де, құтбасын бастап кетті.

Ғасырдың проблемаларын сүннет арқылы шешу

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) заманында оның басшылығымен (сүннетімен) өз шешімін тапқан надандық, кедейлік және алауыздық секілді проблемалар қазіргі таңда да шешілуі кезек күттірмес мәселе болып отыр. Бүгінгі таңда мұсылмандар осы түйткілдердің шешімін іздеп шарқ ұруда.