22
Жұма,
Қараша

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) бала тәрбиесінде орта жолды ұстануы

Пайғамбардың (с.ғ.с) бала тәрбиесінде орта жолды ұстануы

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Сүйікті елші (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) екі немересі Хасан мен Хусейінді (р.анһумә) арқалап алып аулада серуендеп жүретін.

Бірде осыны көрген әзірет Омар (р.а.) «Мінгендерің қандай керемет көлік!» – деп әзілдегенде, Пайғамбарымыз: «Олар да осал атқамінерлер емес!» – деген еді. Екі бала ол кезде бұл сөздің астарын түсінетін жаста емес шығар, бірақ Пайғамбарымыз оларды осылай тәрбиелеген. Басқа бір жолы немерелері мойнына асылғанда: «Астарыңдағы мінгендерің қандай ғажап, үстіндегі сендер де неткен ғажап жүксіңдер!» – деген еді.

Алла елшісі (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бала тәрбиесінде де орта жолды ұстанған. Баларды жанындай жақсы көріп, сол махаббатын бүлдіршіндердің өздеріне сездіретін еді. Бұл махаббаттың да кері әсер етпеуіне мұқият мән беретін. Онсыз да балаларының арасында жамандыққа бара қоятын ешкім жоқ еді. Алда-жалда біреуі білместікпен қате жасап қойса, оларға деген махаббаты орынды ескерту жасауына кедергі келтірмейтін.

Мысалы, бір жолы, Хасан не Хусейннің біреуі кішкене күндерінде байқаусызда садақаға келген құрмаға қолын соза бергенде, атасы дереу оның қолын қағып: «Бізге садақа жеу харам», – деген еді. Ол екі немересін райхан гүліне, ал, иістерін жаннаттың жұпарына балаған. Немерелерін жиі-жиі қасына шақырып, бауырына басып, маңдайынан иіскейтін. Тіпті кейде оларды құшақтап, сүйгеннен кейін: «Алла Тағалам! Бұларды мен жақсы көремін. Сен де оларды жақсы көрші», – деп дұға ететін.

материал «Мәуліт – дұға, салауат айық» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: