21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) қарғысы

Пайғамбардың (с.ғ.с) қарғысы

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Әбу Саид әл-Худриден: Бір күні Пайғамбарымыз мешітке келеді де, мінберге шығып бара жатып бірінші тепкішекке басып «Әмин», екінші тепкішекте тағы да «Әмин», үшінші рет тағы да «Әмин» деді де, құтбасын бастап кетті.

Құтбасы біткен соң сахабалар әлгі «әмин»-дердің мәнісін сұрағанда, ол: «Жәбірейіл қасымда келе жатқан еді. Әр тепкішекке басқан сайын бір насихат айтты, мен соған жауап ретінде «әмин» дедім», – дейді.

Біріншісінде «Алла Тағала саған сәлем айтты, егер де бір мәжілісте сенің атың аталғанда соған лайық құрмет көрсетпеген адам жер сүзіп/жорғалап қалсын» деді, екіншісінде «Алла біреуді рамазан айына аман-есен жеткізіп, ол адам рамазанның қасиетінен (кешірімнен, қайырымнан үміт етіп керекті амал жасамай) пайдаланбай (соған сай амал жасамай) мақұрым қалса, ол да жер сүзіп/жорғалап қалсын» деді, үшіншісінде «Алла Тағаланың қалауымен бір адамның қасында қызметке мұқтаж ата-анасының екеуі де немесе екеуінен біреуі болса, әлгі адам ата-анасына дұрыстап қызмет қылмаса, ол адам да жер сүзіп/жорғалап қалсын» деді, мен үшеуіне де «әмин» деп жауап қайырдым».

Пайғамбардың қарғысы деген, міне осы. Ата-ананың екеуі немесе біреуі перзентіне мұқтаж болып, перзент оларға қажетті қызмет қылмаса, онда қарғысқа ұшырайтынын Жәбірейілдің қолдауымен пайғамбар білдірген.

материал «Дүниедегі жұмақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: