27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Пайғамбардың (с.а.с) жүкті әйел мен жаңа туылған сәбиге қамқорлығы

Алла елшісі (с.а.с.) сәбиге дүниеге келместен бұрын, ана құрсағында жатқанда-ақ көңіл бөле бастайтын. Фатима анамыз Хасанға жүкті болып, толғағы жақындаған шақта жиі барып хал-жағдайын сұрап, керек-жарағына көмектесті.

Алла Елшісі (с.а.с) өзге діндердің кітаптарын оқыған ба?

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кісіден сабақ алмағанына Құран Кәрімде дәлел жетіп артылады. Заманаға үстемдігін жүргізетін, сансыз мұғжизасы танылған, ешбір адам тарабынан сынға ұшырамаған, мінсіздігі жұртты еріксіз таңдандырған Құран Кәрімді Пайғамбарымыз (с.а.с.) «қараңғылық» деген заманда өмір сүрген меккеліктерден үйренді деу ақылға қонымсыз.

Расулалланың (с.ғ.с) ер жүректілігі мен батырлығы

Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) өзінің ұлы тұлғасына сай ер жүректік пен батырлықтың үлгісі еді (аты затына сай ер жүрек батыр еді).

Алла Елшісінің (с.ғ.с) зікірді аузынан тастамауы

Алла Тағала Құранда: «Олар (мүминдер) тұрса да, отырса да және жантайып жатса да (әрқашан) Алланы зікір етіп естеріне алады», «Қандай керемет адамдар бар – ешқандай сауда-саттық олардың Алланы зікір етулеріне бөгет бола алмайды», - дейді.

Алла Елшісі (с.а.с) уахи періштесінің бейнесін көрген бе?

Иә, Алла расулы уахи періштесі Жәбірейілмен (а.с.) әртүрлі уақыттарда кездескен, бірақ оны Алланың жаратқан бейнесінде екі мәрте көрді. Бірінші рет уахи келгенде, екінші мәрте миғражға көтерілгенде.

Пайғамбардың (с.а.с) ерлі-зайыптыларға қалдырған насихаты

Фатима (р.а.) мен Али үйленгенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) үй шаруаларын екеуіне бөліп, үй ішіндегі істерді Фатимаға, ал түздегі істерді Алиге бергендігі риуаят етілген (Ибн Хажар, әл-Маталибул-алия 2/39). Үй сыпырып, су тасығаннан, әсіресе диірмен тартқандықтан Фатима анамыздың қолы жара болған кездері де кездескен (Бұхари, Дағуат 11).

Пайғамбардан (с.а.с.) басқа болашақ жайлы айтатындарға сену дұрыс па?

Болашақты айту жайлы сөз қозғалғанда бірінші кезекте көріпкелдер мен балгерлер ойға түседі. Келешекке байланысты бұлардың айтқандары өтіріктен, ары кетсе болжамнан аса алмайды.