02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Керамика – жан жарасын бөлісудің жолы

Исламофобиямен күрес қоғамды ақпараттандыру, мұсылмандардың игі істері, діни жоралғылардың танымалдығын арттыру арқылы жүзеге асады. Ал, Ұлыбританиялық мұсылман Кашиф Гани бұл күресте метафораны таңдады, деп хабарлайды The Star Halifax.

Әлемдегі ең үлкен саз балшықтан жасалған ғимарат

Әлемдегі ең үлкен саз балшықтан жасалған ғимараттың мешіт екенін білетін бе едіңіз?

Садақаның кереметі

Алла ризалығы үшін жасалған әрбір іс пен берілген затқа – садақа дейміз. Берілетін садақаның үлкен-кішісі болмайды. Не берілседе ықыласпен Алла разылығы үшін берілуі қажет. «Оң қолың бергенді сол қолың көрмесін» хадисіне сәйкес берілген садақа мен жасалған жақсылықты жасырын жасау ең абзал амалдың бірі.

Қажылық жайлы бірер сөз

Қажылық – Исламдағы бес парыздың бірі. Құранда Алла Тағала былай бұйырады: «Қажылық және умраны Алла үшін толық орындаңдар» («Бақара» сүресі, 196-аят). Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кімде-кім Алла Тағала ризашылығы үшін қажылық жасаса, жаман сөзден, жаман қылықтардан, күнәлардан сақтанса, анасынан туылғандай пәк болып қайтады». Қажылықтың әр минутын құлшылықпен, дұға-тілекпен өткізудің сауабы мол.

Шейх Зайед мешітінің жарықтандыру құпиясы (ВИДЕО)

Сәулет өнерінің жауһары болып табылатын Шейх Зайед мешіті – әлемдегі ең ірі мешіттердің бірі. Ғимараттың сыйымдылығы 41 000 кісі. Мешіт 82 күмбезбен, мыңдаған бағанмен, алтын жалатылған шамдармен және әлемдегі ең үлкен қолдан тоқылған кілеммен безендірілген.

Бүлік отын сөндірген Имам Әшғари

Қиямет күні Алланың көрінетіні жайлы Мұғтазила ағымы аяттарға «Алла көзге көрінбейді» деп жорамал жасаса, Әшғари «Алла түр мен пішіннен тыс көрінеді» дейді. Мәзһабтар тарихын зерттегендер Мұғтазиланың фиқһ пен хадис ғалымдарына жасалған шабуылдарын кезіктіреді. Бұл шабуылдардың ықпалына ұшырамаған фақиһтар мен мұхаддистар өте аз.

Ел аузындағы «асыл мешіт»

Жаратқанның рақымымен жаратылған адам баласы жан жылуы мен мейірімге мәңгі ынтық. Қазір имандылық қат қасиетке айналды. Аузында Алласы бар, бірақ пиғылы теріс адасушылар исламдық сенімге селкеу түсіруде. Дүниеде асыл дініміздің абыройын айрандай төккен «төңкерісшілерді» ислам дінінің өкілі деуге ауыз бармайды. Сау ақылын сал қылып жүргендер имандылықтың ашық дұшпандары.