21
Бейсенбі, Ақпан

һижри

Мұсылман кісі жеген асының шариғатқа сай адал және таза болғанына мән береді. Өйткені, бұл Жаратушымыздың әмірі. Алла Тағала қасиетті Құран аяттарында таза әрі адал аспен азықтануды бұйырған. Аяттардың бірінде: «Ей адам баласы! Жер-жүзінде өздеріңе арналған адал, таза тағамды жеңдер!..» («Бақара» сүресі, 168-аят) деген.

Жұма күні кір жумау ырымы кей мұсылман елдерінде де кездеседі. Мысалы, кейбір араб халықтарында жұма күнгі сәске уақыты мен жұманың екінті уақытында кір жуған үйден береке қашып, ырзық-несібесі тарылады деп сенетіндер бар ұқсайды.

Дініміз тыйым салғаны үшін кейбір жануарлардың еттерін жеуге болмайды. Азықтардың адамға жақсы немесе жаман әсері болатыны сөзсіз. Төмендегі мына жануарларды Ханафи мазхабы бойынша жеуге тыйым салынған:

Екі дүние Сардары, адамзаттың асыл тәжі болған, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның туылған айы «Мәуліт» мерекесімен араға жыл салып қайта қауышудамыз. Жаратылғандардың асылы және шыңы болған хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с.) милади 571 жылы рабиул айының 12-ші жұлдызы, дүйсенбі күні дүниеге келіп, әлемді шексіз қуаныш пен нұрға бөледі.

Бүгінде әлемді алаңдатқан экстремизм мен терроризм мәселесі біздің еліміз үшін де шетін тақырып еместігі белгілі. Жүздеген ұлттар мен этностың, бірнеше дәстүрлі конфессиялардың басын қосқан еліміздің ерекшелігін теріс мақсатта пайдаланғысы келетін топтардың төбе көтермей қалмасы да айқын. 

Алла Тағаланың берген өміріне риза болмау, өзінің өмірін  қысқарту – ауыр күнә. Тіршілік дүниесінде адам баласының ортақ қасиеттерінің бірі бақытты болуды армандайтындығы. Бұл дүние адам баласы үшін сынақ ретінде берілген. Қиыншылыққа сабыр ете білу  керек. Кейде адам баласы бұл сынаққа шыдай алмай, қиыншылықтан мәңгі құтылу үшін өз-өзіне қол жұмсау арқылы тыныштық табамын деп ойлайды, алайда бұл әсте қате пікір. Себебі, ол Алла Тағаланың алдына барған кезде ең ауыр азапқа душар болатынынан бейхабар.

«Қалташадағы шай қатерлі ісік туғызады», «Қалташадағы шайдың құрамында адам ағзасына зиянды элементтер бар» дейді ғалымдар. Ақпараттың анық-қанығына химия ғылымдарының кандидаты Ақылбекова Тұрар Наурызбайқызы былай жауап береді.

Әлеуметтік желі – адамдардың бір-бірімен ғаламтор арқылы өзара байланысын қамтамасыз ететін интернет сайт(тар). Әлеуметтік желіні «әлеуметтік медиа» деп те атайды. Жалпы айтқанда, әлеуметтік желі деп ғаламтордағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын айтады. Көпшілік пайдаланатын танымал әлеуметтік желілер қатарында «Facebook», «Instagram», «Google+», «Twitter», «WhatsApp», «ВКонтакте», «Одноклассники» және т.б. бар.