21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Ерхан Қуанышбай: Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған

Ерхан Қуанышбай: Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған

Мақалалар
Жарнама

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Қазағымның қамын көп ойлаған.
Ұрпақтың жадындасың Абай атам,

Сіздің еңбектеріңізбен мен мақтанам .

Абай Құнанбаев атамыз бәрімізге белгілі 1845 жылы Семей облысы Қарқаралы жерінде  дүниеге келген. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан.Әкесі Құнанбай өзінің заманында қатал да әділдігімен ерекшеленіп, өз руының би аға сұлтаны болған. Абай осындай мықты кісіден тәрбиеленіп шыққан. Әжесі Зеренің мол қазыналы аңыз ертегілерін естіп, анасы Ұлжанның тәрбиелерінде өскен. Абай Құнанбаевтың шын есімі Ибраһим еді.Анасы Ұлжан Ибраһимді жас кезінен Абай деп еркелеткен . Осы есіммен Абай атамыз тарихқа енеді.

Әкесі Құнанбай Абайдан зор үміт күткен. 10 жасында Абайды Семейдегі Ахмет Риза медресесіне берген. Бұл медреседе Абай араб парсы тілін үйреніп, өз қатарластарының қасында оза шауып , үздік шәкірт атанады. Әрі қарай білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылған. Ол көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен араб ,парсы тілдерінде жазылған қисса дастандармен танысқан.

Медресені үздікке бітірген Абайды 14 жасынан (кейбір деректерде 13 жас деп келеді) бастап әкесі қасында ұстап , ел басқару ісіне баули бастайды. Елдің игі жақсыларымен етене араласқан Абай шешен сөйлеуге , ұтымды сөзбенен , әділ билігімен , халқының рухани мәдени жүйесімен жете танысқан болатын. Патша үĸіметінің халықты қанау саясаты мен парақор орыс ǝĸімдерінің жергіліĸті би- болыстардың арамза ǝреĸеттерімен танысып, ĸөĸірегінде жирĸеніш сезімі оянып, соларға қарсы ĸүресуге шеім қабылдайды . Халқыма еңбегі сіңетін пайдалы, адамгершілігі бар, ǝділ басшы болсам одан артық ештеңе керек емес деп , өзінің ақырғы деміне шейін халқының қамын ойлап кеткен болатын.

Абай атамыз өлең жазуды 10 жасынан («Кім еĸен деп ĸеліп ем түйе қуған...») бастаған болатын. Жас кезінен өлең шығаруды әдетке айналдырған Абай 40 жасында көркем әдебиетке шындап ықылас қойған. Оның шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өзінің төл өлеңдері; еĸіншісі — ғақлиясы (немесе Абайдың қара сөздері) ; үшіншісі — өзге тілдерден, орысшадан аударған өлеңдері.Абай өлеңдері лирикадан құралады, поэма жанрына көп бет бұрмаған болатын.Біз оны «Қыс» өлеңінен байқаймыз. Табиғат бейнесін керемет суреттеп, адам бейнесіне келтіріп, мінез құлық бәріне көңіл бөлген. Абайдың қай өлеңі болмасын қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ереĸшеліĸтері ĸөрініп, қазақи иісі шығып тұрады. Ислам діні тараған кезеңде ол Шығыс елдерінің ǝдебиеттерімен танысу арқылы өзінің шеберлігін одан ǝрі шыңдайды.

Ислам дініне өзінше сенген Абай сенім наным жайындағы өзінің философиялық ĸөзқарастарын өлеңмен жетĸізеді.Абайдың ĸөрĸемдіĸ, дінге ĸөзқарастары айқын көрсетілетін еңбегі - қара сөздері яғни Ғақлиясы. Абайдың қара сөздері - ұлы ақынның сөзінің даралығы мен көркемділік қуатын көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығарма болып табылады .Жалпы саны қырық бес шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы бір бағытта жазылмаған болатын . Ол ǝр алуан тақырыпты қарастырған . Оның кейбірі қысқа болса , кейбірі ұзын мазмұнды болса , кейбірі тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып ĸеледі. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың көлеміне емес, оның ұрпаққа беретін маңызды мұрасына аса мән берген.

Ұлы ақынның музыкалық өнеріне тоқтала кетсек; ағартушы ғалым Абай музыка саласында да өзінің еңбегін сіңірген болатын. Өзінің өлеңдерін, ғақлиясын қағазға түсіріп кейінгі ұрпаққа мұра ретінде қалдырса, музыка жағынан Абайға ондай мүмкіншіліктер болмады. Бұл әрине заманның сол кезеңдегі қазіргі заманмен салыстырғандағы өзіндік ерекшелігі десек те болады. Сол себептен де Абай музыкалары, әндері ауыздан-ауызға,заманнан заманға ауысып жетіп отырған.Музыка саласында жазба мәдениеттің  болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жету себебі – халықтың көңілінен шығып,  жүрегінде сақталуы, халық санасынан ойып тұрып орын алады. Абай әндерінің  өзгешелігі- мелодиялық, идеялық мазмұнының  ашық та түсінікті болуында.Бұл өзгешелік тыңдармандардың көбіне дерлік түсінікті болмады. Бірақ қайсар да шыдамды Абай өз бетінін қайтпады. Сөйтіп, Абай әндері алғашында өзінің айналасына дос-жаран, туыс- тума, ауыл-аймағына тарай бастаса, кейіннен жалпы қазаққа кеңінен тараған болатын.

Ұлы ақын жас ұрпаққа имандылықты, адамгершілікті, сүйіспеншілікті, ғылым-білім үйренуді   насихаттайды.Ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде жастарды бес нәрседен-өтірік, өсек, еріншектік, мақтаншақтық, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға және де талап ету, еңбекті сүю, терең ойлай білуге, қанағатшыл да адал болуға, қайырымдылықты әрі жақсылықты жасауға шақырады. Абай жастардың бойындағы кеселді кемістерді, арсыздық пен ұятсыздықты, жалған сөйлеу мен дөрекі надандықты тәрбие мен білім беру арқылы жоюды үндеді.Ақын сол себептен де қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды қалады. Ақынның мына бір сөзін еске алсақ:«Балаларды ата-аналарынан алып, мектепке беру керек, олардың біразын мамандықтықтың бір түрін, біразын басқа мамандықтарды игеруге бағыттау керек. Мектептерді көбейту қажет, оларда тіпті қыздар да оқитын болсын ».

Абайдың пікірінше, адам болу үшін оның бойынан үш түрлі фактор табылуы тиіс. Біріншіден, баланың шыққан тегі жақсы болуы керек, екіншіден, оның әлеуметтік жағдайы немесе қоршаған ортасы жағымды болуы шарт, үшіншіден, балаға адамгершілік тұрғысында тәрбие берілуі қажет. Мен бұл пікірге қосыла отыра  Жүсіпбек Аймауытов атамыздың мына бір сөзін өздеріңізге жеткізгім келіп отыр. «Адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, сана сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр». Мен бұл сөзімді айқындау мақсатында шығармамның соңын Абай атамыздың өлең шумақтарымен аяқтағым келіп отыр.

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Ерхан Қуанышбай

Бөлісу: