29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Дәрет бұзылған сайын ішкі дәретті алу шарт па?

Дәрет бұзылған сайын ішкі дәретті алу шарт па?

Намаз

Ішкі дәрет тек екі жолдың бірінен нәжіс шыққан жағдайда жасалады.

Мысалы: үлкен дәрет, зәр, мәзи (смегма), мәни (шәует), уәди. Ал, жел шықса немесе денесінің бір жері қанаса, яки, көзі ілініп ұйқыға кетсе, ауыз толтыра құсса, құлағынан құлық ақса т.б. екі жолдан шығатын нәжістерден өзге дәрет бұзатын жағдайларда истинжа жасау шарт емес. Ондай кезде, іш дәрет алмай-ақ, бірден сырт дәретті ала берсе болады.

Әжетқанада әжетін өтегеннен кейін тазалануды шариғатта «истинжа» дейді. Истинжа деп, екі жолдан шыққан нәжісті дәрет қағаз, кесек яки су қолдану арқылы тазалануды айтамыз.  

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: