25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Оразаның қазасын өтемей дүниеден өткен адамның үкімі

Оразаның қазасын өтемей дүниеден өткен адамның үкімі

Ораза

Қарыз оразасы бар адам қарызын өтей алмай дүниеден өткен болса, мұндай жағдай екі тұрғыда қарастырылған:

1. Ауру, науқас, жолаушылық, денсаулығы болмау секілді себептермен ораза қазасын өтей алмай дүниден өтіп кетуі. Ғалымдардың көзқарасы бойынша, мұндай жағдайдағы адамдарға еш нәрсе қажет емес. Өйткені ол адам дүниеден өткенше ораза ұстауға ешқандай мүмкіншілігі болмады. Сондықтан шамасы жетпесе қажылық парыз болмайтыны секілді бұл ораза да мүмкіншілігі болмағандықтан міндетті саналмайды. Яғни науқас немесе жолаушы секілді қандай да бір шариғи себеппен дүние салса, ұстай алмаған оразасының қазасын өтемейді.

2. Ораза қазасы бар адам, ораза ұстауға мүмкіндігі бола тұра қазасын өтеместен қайтыс болса, уәлиі (туысқан қамқоршысы) ол үшін ораза ұстай алмайды. Яғни қайтыс болған адам үшін уәлиі ораза ұстауға міндетті емес. Өйткені ораза денемен орындалатын 

құлшылық. Ораза ұстауға міндетті адам тірі кезінде де өлгеннен кейін де өзі үшін басқа біреу ораза ұстай алмайды. Ораза, намаз әрбірі жеке адамның өзіне парыз болған құлшылық. Бір хадисте былай делінген: «Ешбір адам басқа бір адам үшін намаз оқи алмайды, ораза ұстай алмайды. Бірақ ол адам үшін кедейлерге бір уыс тамақ бере алады» – делінген.

Ханафи ғалымдарының көзқарасы бойынша қайтыс болған адам өтей алмаған оразасының әрбір күні үшін фидия беруді бір туысына немесе баласына өсиет етіп кеткен болса, онда ол өсиетін орындап, әрбір күні үшін бір кедейге фидия беруі міндет болады. Бірақ міндетті түрде өсиет етуі керек деген. Өсиет етпеген болса, міндет емес.

материал «Ораза – теңдессіз құлшылық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: