26
Жұма,
Сәуір

һижри

Жәннаттағы Раййан қақпасы

Ораза

 

«Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Жәннатта «Раййан»[1] аттықақпа бар.[2]Қиямет күні ол қақпадан ораза ұстағандарданөзге ешкiм[3] кiрмейдi. Қиямет күнi: «Ораза ұстағандар қайда?»,-деп жар салынады.[4]Сонда ораза ұстағандар тұрып сол қақпадан кiредi. Олар кiрiп болған соңқақпа жабылып, одан басқа ешкiм кiрмейдi».

 

Хадисті Сәһл ибн Саъдтан (родиял-лаһу ғанһу) Имам Бухари, Имам Муслим және Имам Ахмад риуаят етті.[5]

 



[1] «Раййан» сөзі «раййюн» сөзінен туындаған. «Раййюн» сөзінің түп негізгі мағынасы: суару, сусындату, шөлді басу. («Сахихүл-Бухари») Имам Әл-Манауи айтады: «Ораза ұстағандар жәннаттың ортасына жетерден бұрын ол есіктен мөлдір сусынмен шөлдерін қандырады». («Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиъис-Сағир»)

[2] хадистің бірінде: «Жәннаттың сегіз есігі бар. Соның бірі «Раййан» деп аталады. Одан ораза ұстағандардан өзге ешкім кірмейді»,-делінген. («Фатхүл-Бари» шарху «Сахихил-Бухари»)

[3] яғни, оразаны көп ұстағандардан өзге. («Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиъис-Сағир»)

[4] жар салушы періште немесе Хақ Тағаланың осы іске тағайындаған басқа мақұлық (жаратылған) болады. («Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиъис-Сағир»)

[5]«Әл-Жәмиъус-Сағир», «Риядус-Солихин», «Сахихүл-Бухари», «Фатхүл-Бари» шарху «Сахихил-Бухари», «Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиъис-Сағир» және «Канзүл-Ъүммәл».

Бөлісу: