16
Сәрсенбі,
Қазан

һижри

Пәтуа сұраудың әдебі

Пәтуа сұраудың әдебі

Пәтуа

Сауал сұрайтын адам пәтуа айтатын ғалымды құрметті ұстаз ретінде тануы керек. Өйткені, пәтуа сұрап тұрған адамның ұстаздың ілімін құрмет етуі, мәмілесі сыпайы, әрі жұмсақ болуы әдепке жатады. Ашулы, көңілсіз немесе науқас болып жүрген ғалымға сұрақ қоймаған жөн.

Пәтуамен қоса табандылықпен оның дәлелін талап ету жарамайды. Ол мәселені кезі жеткенде ұстазбен жолығып, жеке сұрап алған дұрыс.

Пәтуа сұрайтын адамға төмендегілер макруһ:

 

1.Көп сауал сұрау;

2.Пайдасыз нәрсені сұрау;

3.Өмірде кездеспейтін мәселені қою;

4.Қиын мәселені сұрау;

5.Тааббуди (құлшылыққа қатысты) мәселелердің хикмет себептерін (таң намазы не үшін екі ракат, неге екі рет сәжде жасалады тәрізді) сұрау;

6.Қоятын сұрағында сыпайылылық пен діни сенімнің шегінен аттап өту;

7.Басқалардың алдында өзінің үстемділігін көрсету үшін қасарысып сұрақ қою;

8.Бір ғалымнан сұрап, сонан соң сол сұрақты тағы бір басқа ғалымнан сұрау;

9.Пәтуаны жеңіл, әрі жұмсақ айтатын адамды іздеп, одан мәселе сұрау;

Егер діни мәселе бойынша жауап бере алатын ұстаздардың ілімі де, әділдігі де бірдей болса, қалағанынан сұрайды. Дегенмен, кейбір ғалымдар, олардың ең абзалынан сұраған дұрыс, - деген.

материал «Пәтуалар жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: