18
Жұма,
Қазан

һижри

Уақыттың өтуі қуанарлық жайт па?

Уақыттың өтуі қуанарлық жайт па?

Ислам тарихы

Адамдардың көпшілік бөлігі алтыннан да қымбат уақытқа жауапсыз қарап, бос нәрселермен өткізеді. Алайда уақыттың қадірін бағаламайтын жандардың өз бағасы да солай төмендеп кетеді.

Мынадай әдемі сөз бар: «Өресі төмен адамдар уақытты қалай өткізсек деп бас қатырады, ал өресі биік адамдар уақытты қалай үнемдесек деп қам жейді...»

Уақыттың қадірін жақсы түсінген адам, әлбетте, оны бостан-босқа өткізбейді, уақыттың бос өтуіне қуанбайды. Өтіп кеткен һәм қайтып келмейтін уақытқа қуану керек пе әлде мұңаю керек пе? Негізінде, біз уақытты өткізбейміз, уақыт бізді өткізеді. Күн өткен сайын қартайып, сәт сайын өлімге жақындап келе жатқан уақыт емес, бізбіз. Уақытты тоқтатар шамаң бар ма? Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да. Менің жаным ашиды бұл өмірді.

Өтпейтіндей көретін адамдарға, – деп Мұқағали ақын айтқандай, шіркін, уақытты тоқтатып қоятын қауқарымыз болса ғой. Әттең, өтіп кеткен уақытты кері қайтарып, ойыңдағыдай етіп қайтадан дұрыстап өткізсең ғой... Әрине, бұл мүмкін емес. Алайда бізге бұл дүниеде берілген жастық шақты ақиреттегі мәңгілік жастық шаққа айналдыру мүмкіндігі берілген. Бұл – Алланың бізге берген ең пайдалы саудасы. Өйткені, бізге өткінші фәни жастық шақты беріп, сол арқылы мәңгілік бақытты жастық шаққа, өлімсіз өмірге қол жеткізуге жағдай жасалған. Алла елшісі бұл туралы «Екі күні бірдей болған адам алданады» деген болатын. Яғни алданған адам – уақытын болмашы нәрсеге жұмсаған жан.

Ақылы бар адам уақытын жоспарлы түрде өткізіп, оның есебін жасайды. Уақытының бір бөлігін ойлануға бөледі, себебі Пайғамбарымыз «Бір сағаттық терең ой бір жылдық нәпіл құлшылықтан қайырлы» деген.

материал «Тәрбие сағатынан естеліктер» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: