18
Жұма,
Қазан

һижри

Ілім алушының бір күндік жоспары

Ілім алушының бір күндік жоспары

Ислам тарихы

Балақай! Күн шықпай тұрып ертерек тұруға тырыс. Ұйқыдан оянғаннан кейін, дүниелік сөздерді айтпағаның абзал. Ілгерідегі ізгі мұсылмандар бұл уақытта бос сөздерді мүлдем айтпайтын еді.

Ұйқыдан тұрған сәтіңде: «Біз жан тапсырғаннан кейін, қайтадан жанымызды қайтарған Аллаға мақтау болсын» немесе «Аспанның жерге құлап кетуінен тосып тұрған Аллаға мақтау болсын. Шын мәнінде, Алла адамдарға аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаға мақтау болсын» деп айт. Дәретіңді алып, таң намызының екі ракағат сүннетін оқы.

Мешітке шығарыңда жолда былай деп айт: «Аллаһым, мен сенен бүкіл сұраушылардың хаққысымен, мешітке басып келушілердің хаққысымен сұраймын. Аллаһым, мен бұзық ниетте емес, мақтану үшін емес, абырой жинау үшін емес, тек қана сенің ашуыңнан сақтанып, ризалығыңа ие болу үшін шықтым. Мені тозақ отынан сақтап, күнәларымды кешіруіңді сұраймын. Себебі күнәларды сенен артық ешкім кешірмейді».

Мешітке кірсең, имамның оң жағына тұруға ұмтыл. Намазды оқып болсаң, он рет Субханалла, он рет Әлхамдулилла, он рет Аллаһу акбар деп айт. Аятул курсиді оқы. Алладан оқыған намаздың қабыл болуын сұра. Ыңғайы келсе, күн шыққанға дейін отырып Алланы зікір ет. Кейіннен екі, төрт немесе сегіз ракағат намаз оқысаң – сол ең қайырлысы.  Ілім талап етіп жүрген әрбір шәкірт – уақытын жүйелеп өзінің икеміне сай реттеуі керек.

материал «Балама насихат» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: