22
Жұма,
Қараша

һижри

Ихсан – діннің негізі мен жүрегі

Ихсан – діннің негізі мен жүрегі

Ақида
Жарнама

Дініміздің үш маңызды ұғымы бар: ислам, иман және ихсан.

Ихсан – Исламның ең маңызды қағидаттарының бірі. Құранда осы тақырыпта 66-дан астам аят бар. Іс жүзінде бүкіл Құран ихсанға апарады, бұл барлық істердегі кемелдікті білдіреді, сондай-ақ мейірімді және ізгі әрекеттерді жасауды білдіреді.

Ихсанның жәйындағы анықтамасы Пайғамбарымыздың келтірілген хадисінде (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «ИХСАН дегеніміз – Алла көріп тұрғандай құлшылық жасауың, сен Оны көрмесең де, шын мәнінде, Ол сені көріп тұр», – дегені.

Ихсан – Алланың ұйғарымдарын шын ниетпен, жауапкершілікпен, біз Алланы көріп тұрғандай ықыласпен, яғни Мұхаммед Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жасаған сияқты жасау. Алла бізді көретіні және еститіні, біз Оны көрмесек те, Ол біздің барлық ойымыз бен ниетімізді білетіні және біз әрдайым Оның жіті бақылауында болатынымызға сенуіміз. Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде «Бақара» сүресінің 112-аятында;

« بَلَىٰ مَنْ أَسْلَمَ وَجْهَهُ لِلَّهِ وَهُوَ مُحْسِنٌ فَلَهُ أَجْرُهُ عِندَ رَبِّهِ وَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ»

«Олай емес, кім жүзін Аллаға жөнелтіп, өзі жақсылық (ихсан) істейтін болса, сонда оған Раббыңның қасында сыйлық бар, оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды».

Басқа аятта Алла Тағала:

« إِنَّ اللَّهَ يَأْمُرُ بِالْعَدْلِ وَالْإِحْسَانِ وَإِيتَاءِ ذِي الْقُرْبَىٰ وَيَنْهَىٰ عَنِ الْفَحْشَاءِ وَالْمُنكَرِ وَالْبَغْيِ ۚ يَعِظُكُمْ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُونَ»

«Негізінде Алла әділетті(ихсан), игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан әм зорекерліктен тыяды. Сендерге насихат береді. Әрине түсінерсіңдер.» (16: 90)  Тағы бір аятта Жаббар иеміз;

وَاعْبُدُوا اللَّهَ وَلَا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا ۖ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا وَبِذِي الْقُرْبَىٰ وَالْيَتَامَىٰ وَالْمَسَاكِينِ وَالْجَارِ ذِي الْقُرْبَىٰ وَالْجَارِ الْجُنُبِ وَالصَّاحِبِ بِالْجَنبِ وَابْنِ السَّبِيلِ وَمَا مَلَكَتْ أَيْمَانُكُمْ ۗ إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ مَن كَانَ مُخْتَالًا فَخُورًا

«Алла (Т.) ға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және әке- шешеге жақындарға, жетімдерге, міскіндерге жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астыңдағыларға жақсылық қылыңдар(ихсан). Негізінен Алла, тәкаппар, мақтаншақты жақсы көрмейді» (4: 36).

Ихсан ұсыныстарының бірі:

  • Алланы намазда және дұға жасау кезіндегі бар болуын сезінуі.
  • Ата-аналарға құрметпен және ризашылықпен қарау, сондай-ақ оларға қатысты міндеттерді орындау.
  • Туған-туысқандармен мәмледе болып және туыстық қарым-қатынасты сақтау, оларға мейірімділік, сондай-ақ егер оларда мұқтаждық туындаса, оларға көмек көрсету.
  • Әлсіздерге, мұқтаж жандарға мейірімділік пен игілік көрсету.
  • Барлық адамдарға мейірімділік таныта Имани істерінде олармен келіспеушілік болған жағдайда сөз таластыра тартыспау - оларға имани құндылықты жеткізуге тырыса оларға қатысты агрессия танытпау.

فَبِمَا نَقْضِهِم مِّيثَاقَهُمْ لَعَنَّاهُمْ وَجَعَلْنَا قُلُوبَهُمْ قَاسِيَةً ۖ يُحَرِّفُونَ الْكَلِمَ عَن مَّوَاضِعِهِ ۙ وَنَسُوا حَظًّا مِّمَّا ذُكِّرُوا بِهِ ۚ وَلَا تَزَالُ تَطَّلِعُ عَلَىٰ خَائِنَةٍ مِّنْهُمْ إِلَّا قَلِيلًا مِّنْهُمْ ۖ فَاعْفُ عَنْهُمْ وَاصْفَحْ ۚ إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُحْسِنِينَ

«Сонда олардың серттерін бұзулары себепті оларға лағынет етіп, жүректерін қатайттық. Олар, (Тәурат) сөздерін орнынан өзгертіп, оларға берілген үгітті ұмытты. Олардың өте азынан басқасының қиянаткерліктерін ұдайы сезіп отырасың. Сонда да оларды кешірім етіп, елеме. Расында Алла (Т.) игілік істеушілерді сүйеді». (5: 13).

  • Қоршаған әлемге - өсімдіктерге, жануарларға, жансыз табиғатқа ұқыпты және қамқорлықпен қарау. Оның әлемді жаратқан үшін Аллаға үнемі алғыста болу.

« قُلْ إِنِّي نُهِيتُ أَنْ أَعْبُدَ الَّذِينَ تَدْعُونَ مِن دُونِ اللَّهِ ۚ قُل لَّا أَتَّبِعُ أَهْوَاءَكُمْ ۙ قَدْ ضَلَلْتُ إِذًا وَمَا أَنَا مِنَ الْمُهْتَدِينَ»

«Расында мен Алладан басқа сиынғандарыңа құлшылық етуден тосылдым» де. «Сендердің ойларыңа қосылмаймын. Ол уақытта адасқан сондай-ақ тура жол таппағандардан боламын» де (Мұхаммед Ғ.С.).» (6:56). Пайғамбарымыз (с.ғ.с) : «Алла Сіздер бәрін мүлтіксіз жасауыңызды міндеттеді»- деген (Муслим).

  • Және де үнемі жақсылық жасауға ұитылу, себебі Алла Тағала ізгі амал, жақсылық істеушілерді жақсы көреді:

«وَأَنفِقُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَلَا تُلْقُوا بِأَيْدِيكُمْ إِلَى التَّهْلُكَةِ ۛ وَأَحْسِنُوا ۛ إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُحْسِنِينَ»

«Алла жолында мал сарып қылыңдар. (Сараң қорқақ болып) өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар. Жақсылық істеңдер. Шын мәнінде Алла игілік істеушілерді жақсы көреді.» (2:195).

Бір күні Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабалармен отырған кезінде адам бейнесіндегі періште Джибриль (ғ.с) келіп, одан діннің негіздері туралы сұрай бастады: Иман, Ислам және Ихсан, Пайғамбарымыз Әңгіме соңғысы туралы болғанда «ИХСАН дегеніміз – Алла көріп тұрғандай құлшылық жасауың, сен Оны көрмесең де, шын мәнінде, Ол сені көріп тұр», – деді.

Осылайша, Ихсан мұсылман дінінің негізі болып табылады. Басқаша айтқанда, Ихсан - біз Алланы көргендей шыншылдықпен, жауапкершілікпен, ықыласпен құлшылық ету. Ихсан –Ол бізді әрдайым көріп, естіп отырғанын есте сақтай отырып, Құдайға табынуға тырысуды білдіреді. Ол біздің ойымыз бен ниетімізді біледі.

Сонымен бірге, әрбір дінге сенуші иманды адам Алла Тағала – Көруші, бар нәрсені білуші екенін біледі біледі. Алайда, кейде өзімізбен өзіміз қалған кезде, біз өзімізге бөгде, басқа адамның көзінше, тіпті кішкентай бала болса да жағымсыз әрекеттерді жасауға мүмкіндік беріп жатамыз. Сондай-ақ, кейде біздің жүрегімізге не бірлі жеркенішті оилар туындап, егер сол ойларымызды жанымыздағы адамдар немесе туыстарымыз бен мен жақындарымыз білетін болса, біз олардың арасында отырудан ұялар едік немесе олар бізді масқаралықпен қуып жіберер еді. Бұдан алар нәтижеміз, біз адамдардан ұялып, қорқамыз, бірақ көбінесе Алладан қорықпаймыз және ұялмаймыз ба, Ол біздің істеп жатқан істеріміздің бәрін әрқашан көріп, естіп, тіпті біздің ойымызды да біледі. Басқа адамдардың көзінше адамға Шариғат рұқсат етпеген әрекеттерді жасаудан өзін шектеу тән. Әдетте, балалар ата-аналарының, туыстарының немесе мұғалімдердің жанынан тыйым салынғаннан тиылу тәрізді. Бірақ олар мұндай әрекеттерді ата-ананың көзқарасынан алшақ, оңаша істейді. Сондықтан көптеген ата-аналар үшін балаларының не істегені күтпеген жағдайға таң қалдыратыны анық. Оның әрекеті құпия қалады деген сенім баланы, жасөспірімді күнә іс жасауға итермелейді.

Мұндай жағдайларда тек Аллаға деген сенім бекім болуы қажет, Оның оны қай жерде болмасын әрқашан көретініне сенім және Ихсан (шыншылдық) оны осындай әдепсіз әрекеттерден тежей алады.  Ихсан ілім тәрбиесіндегі әнгімені еске түсірсек. Ол шын мәнінде Ихсанның адамды адамгершілік тұрғыдан жетілдіруге қалай көмектесетінін көрсетеді.

Бір ұстаздың шәкірттері көп болған, бірақ олардың біріне көбірек сүйіспеншілік пен махабатын танытқанын көрген қалған шәкірттері оған қызғанышпен қарай бастайды. Оның  сол шәкіртіне деген сүйіспеншілігінің артықшылығы неде екені туралы сұрақтарына жауап беру үшін ұстаздары оларды ешкім көрмейтіндей етіп бір тауықты соиып алып келулерін өтінді.

Келесі күні барлық оқушылар бір-бір шалынған тауықтан алып келгенде, ал оның сүйікті шәкірті тірі құспен келді. Бұл әрекетін басқалары күлкіге айналдырды. Ұстаздары оны неге тірідей алып келгенін сұрағанына оқушы: «Сіз ешкім көрмейтіндей етіп бауыздап әкелуді ұсындыңыз ғой, бірақ мен қайда барсамда Аллан көрмейтін  жер таппадым», - деп жауап берген екен. Сонда ұстаздары оқушыларына «міне, мен оны не үшін сүйемін» деген екен. Яғни, бұл оқушы жаман әрекеттер жасаудан қалыс қалуы шын жүректен, ол Құдайдың оны көріп, естіп отырғанын түсініп сенгенінде.

Сондықтан да Ихсанды дініміздің өзегі де, жүрегі де, өмірі де, жаны да (рух) деп атайды, өйткені ол Иман мен Исламды толыққанды етеді. Мысалы, Ислам дінінің талабын сақтай отырып, адам намазын оқып, ораза ұстап, зекетін төлеп, қажылығын өтеп және басқа да амалдар жасайды. Бірақ бұл ретте рианың пайда болу қаупі бар - яғни Алла үшін емес, пайдакүнемдік мақсаттар үшін, құрмет пен даңқ үшін немесе достардың, көршілердің, туысқандардың және таныстары үшін ең жақсы болып көріну үшін жасалатын құлшылыққа айналуы.

Сондықтан Ихсан алғашқы екеуін – Иман мен Исламды жетілдіріп, жандандыратын діннің үшінші негізі болып табылады. Ихсан – бұл Аллаға өзі ұйғарған түрде табыну, бұл ретте Оның алдындағы барлық міндеттерді сақтай отырып, Оның ұлылығы мен құдіретін біліп, Сені көріп, естіп отырғанын үнемі сезіну.

Осылайша, адам қай жерде болғанына қарамастан – адамдар арасында немесе оңашада – Аллаға бағынуы, яғни Алланың барлық ұйғарымдарын ең жоғары шынайылық деңгейінде орындауы тиіс.

Біз Алладан бізді Ақиқат Жолына, Иман, Ислам және Ихсан жолына жүруімізге күш қуат беруін сұраймыз! 

Қарлығаш Қажымәлікқызы,

«Нұр Астана» мешітінің ұстазы

Бөлісу: