27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Айыпталатын және мақталатын бидғаттар

Айыпталатын және мақталатын бидғаттар

Ақида
Жарнама

Біз қайтарылатын және қабылданатын амалдарды сараптағаннан кейін нақты бір тұжырымға қол жеткіздік. Ол тұжырымда Алла Тағаланың шариғатына қарсы келетін кейбір жаңа амалдар «адастырушы, жаман амалдар», ал шариғатқа қайшы келмейтін, оған сәйкес келетін жаңа амалдар «қабыл болатын, жақсы, мадақталатын жаңа амалдар» деп аталады.

Бұлардың кейбіреуі мустахаб, кейбіреуі парыз кифая саналады. Сондықтан имам Шафиғи (Алла оған рақым етсін): «Құранға, сүннетке, ижмағқа немесе сахабаның сөзіне қарсы келетін жаңа амал – «адастырушы жаңа амал», ал олардың ешқайсысына қайшы келмейтін жаңа амал – «мақталатын жаңа амал», – деген. Жаман жаңалықтар зиян-зарарына, Исламның мақсаты мен заңдылықтарына қайшы келуіне қарай кейде мәкруһ, кейде харам болады. Мәселен, кейде уахиді мойындамай, Алла Тағаланың шариғатын теріске шығаратын, қолдан жасалған заңдарға ілесуге шақырып, Алла Тағаланың заңдарына ілесуді артта қалушылық пен әлсіздік деп есептейтін ұйымдар мен топтарға кіру. Өздерін сопымыз деп атап, шариғат жүктеген міндеттерге жеңіл қарайтын, Алла Тағала халал-харам еткен іс-әрекеттердің шекарасын сақтамайтын және де басқа адастырушы, күпірлік амалдар істеп, сондай сөздер айтатын жамағатқа қосылу. Мұндай бидғаттар сөзсіз адамды имансыздық, азғыру мен адасуға апарады. Сондай-ақ жалпы халық арасында тараған жоғарыдағыдай жаман бидғаттардың қатарына қандай да бір заттарды құрмет тұту, олардан береке тілеу және олар қандай да бір пайда келтіре алады деп сену жатады. Мысалы, түрлі бұлақтар мен ағаштарға немесе зираттарға сыйыну. Сахих хабарлардың бірінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабалары (Алла оларға разы болсын) «Хунайн» шайқасы қарсаңында лотос ағашының қасынан өтеді. Ол ағашқа мүшріктер сыйынып, оған өз қаруларын ілетін. Олар: «Уа, Алланың елшісі! Бізге де осындай ағаш жасап бер», – деді. Алла елшісі (с.а.с.) оларға: «Аллаһу акбар (Алла Ұлы)! Бұл сөздерің Мұсаның қауымы оған: «Бізге олардың құдайларына ұқсас құдай жасап бер!» – дегенін (еске салады, содан соң) «Жаным қолында болған (Алла) пен ант етемін, сендер надандық танытып тұрған қауымсыңдар. Өздеріңе дейін өмір сүргендердің әдет-ғұрпын ұстанып тұрсыңдар», – деді.

5. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Егер кімде-кім біздің ісімізге қатысы болмаған бір (жаңалық) амал істесе, ол қабыл етілмейді» деген сөзі келтірілген Муслим риуаят еткен хадистің пайдасы аса зор. Бұрыннан кең етек алып, ел ішіне тарап кеткен бидғаттарды берік ұстанып жүрген адамдар: «Біз дінге ешқандай жаңалық енгізген жоқпыз», – деп, бұл хадистің бірінші риуаятына сылтау айтса, оларды дұрыс түсінікке апаратын Муслимнің осы риуаятын келтіру керек. Өйткені мұнда «кімдекім...(жаңалық) амал істесе...» деп анық айтылған.

6. Бұл хадисте егер біреу дінге, шариғатқа қайшы жаңалық енгізсе, бұл бидғаттың күнәсі оған артылады және оның амалы өзіне қайтарылады, сондай-ақ ол мұндай істерге барғаны үшін Алла Тағаланың жазасына (тозаққа) лайық болатыны көрсетілген.

7. Бұл хадисте кез келген тыйым салынған іс-амалдың іріткі салатын әсері болатыны айтылады.

8. Ислам діні – кемел дін және онда ешқандай кемшілік жоқ.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: