27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Қонаевтың Алматы мешіттеріне жасаған қамқорлығы

Қонаевтың Алматы мешіттеріне жасаған қамқорлығы

Ұлы тұлғалар
Жарнама

Ол – көзі тірісінде-ақ аңызға айналып, өмірден өткеннен кейін атағы тіпті аспандап кеткен тұлға. Димаш ақсақал дегенде қазақтың шығарға жаны бөлек.

Өйткені, оның шарапатын көрмеген өнер адамдары да, ақын-жазушылар, тіпті қарапайым шаруа адамдары да кемде-кем. Ал оның 50 жыл ел басқара тұрып, жұмыстан кеткенінде төрт бөлмелі пәтерінен басқа бір артық дүниесі болмағанын ел бүгінде жыр ғып айтады. Мүмкіндігі бола тұра байлықтың соңынан кетпей, мансаптың буына мастанбай, адамдық биіктен түспеу үшін кісіге терең иман керек шығар. Ендеше Қонаевты Құдайдан қорыққан, қазағы алдындағы міндетін адал атқарған иманды жан десек, артық айтқандығымыз емес болар. Осы орайда есімізге “Қонаев намаз оқыған екен”, “Жұма намазын қалдырмапты”, “Мешітке жиі барған көрінеді” деген халық ішінде жиі айтылатын сөздер есімізге түсті. Бұл әңгіменің қаншалықты негізді, негізсіз?

Қонаевтың дінге жақын болғаны қаншалықты рас? Намаз оқыған ба?

 –Дінмұхамед Ахметұлы Алматының мешіттерінің барлығын білген, тіпті барып тұрған екен. Әр мешіттегі имамдардың аты-жөндеріне дейін жатқа біліпті. Жұма намазға барған деседі. Бірақ ол уақыттағы идеологияны білесіз. “Намаз оқыды” десек, өтірік айтқанымыз болар. Дегенмен дінге көзқарасы өте дұрыс болған. Алматының мешіттерін сақтап қалуда зор еңбек сіңірген. Біраз сүрелерді жатқа білген екен. Жұбайы Зухра Шәріпқызы да діннен хабары бар, Құран оқи алатын адам болған. Көңілі, жүрегі таза болғаннан кейін де халыққа барын салып қызмет еткен ғой. Дүние жинамаған. Мұндай адамдар бірнеше ғасырда бір туады. Кейінгі жастарға үлгі етіп көрсететін адам осы – Дінмұхамед Қонаев. 

материал «Тұлғалар өміріндегі Ислам» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: