08
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

         Бүгін ҚМДБ наиб муфтиі, "Нұр Астана" орталық мешітінің Бас имамы мен мешіт ақсақалдары жиналған жамағатқа "Жаназа және жерлеу рәсімдері" атты кітаптың таныстырылымын өткізді.

Қадір түні «Нұр Астана» орталық мешітінде Тарауық намазы оқылып, Құран хатым дұғасы жасалған соң, Рамазан айының басынан бері Құран Кәрімді толығымен хатым еткен қарилар марапатталды.

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде астаналық жамағат пен қала қонақтары Қадір түнін қарсы алуға жиналды. Қасиетті Қадір түніне жиналған жамағаттың санында шек болмады. Құптан намазын мешітте оқуға ниет еткен жамағат тарауық намазына қатысып, бір сапта тұрып құлшылық жасады. Мың айдан да қайырлы Қадір түнін өткізуге келген мұсылман қауымының белсенділігі шынымен қуантты.

Қасиетті Қадір түні қарсаңында Астана қаласындағы «Төлебай» мешітінде бас имам Асхат Салимовтың ұйымдастыруымен «Берекелі Рамазан» акциясы аясында Қадыр түніне арналған қайырымдылық шарасы өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы «Астана» медресесін аяқтаған біртоп шәкіртке диплом табыстап, болашақ имамдар мен ғалымдарға сәттілік тіледі.

Қасиетті Рамазан айының кезекті кешінде «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат  Салимов Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агро-техникалық университетінің жатақханасына барып, 50 студентке ауызашар берілді.

Рамазан – ізгілік мен мейірімділік тұнған ай. Бұл айда мүмкіндігі жеткен әрбір мұсылман мұқтаж адамдарға қарайласып, қол созады. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жыл сайынғы Рамазан айына арналған Үндеуінде барша халықты осынау мерейлі айда мейірімділік танытып, қайырымдылық істерін ұдайы ұйымдастыруға шақырады.

Кеше «Нұр Астана» орталық мешіті, қалалық Дін істері басқармасы және «Зекет» қорының ұйымдастыруымен елордалық зиялы қауым өкілдеріне ауызашар берілді. Қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары, белгілі ақын-жазушылар мен журналистердің басын қосқан «Берекелі Рамазан» кешінің шымылдығын ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ашты.