02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

«Әл-Фараби» мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті (фото)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұйымдастыруымен және «Сауап» белсенділер тобының атсалысуымен кезекті қайырымдылық шарасы өтті.

«Әл-Фараби» мешіті мұқтаж отбасыларға көмір үлестірді (фото)

«Әбу Насыр әл-Фараби» қаламыздағы мұқтаж бес отбасын көмірмен қамтамасыз етті. Әр отбасына 2 тонна көмірден үлестірілді.

«Әл-Фараби» мешіті сырқат балалардың отбасына қолдау білдірді (фото)

«Сауап» белсенділер тобының атсалысуымен бірге ұйымдастырылған кезекті қайырымдылық шарада мешіт ұжымы қаламыздағы психоневрологиялық патологиясы бар ерекше  балалардың ата-аналарына бір айлық көлемінде азық-түлік үлестірілді.

Бүгін қасиетті жұма күні «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде дәстүрлі әрі кезекті «Өмірге үміт сыйла!» атты донорлық акция болып өтті.

«Әл-Фараби» мешіті жамағатқа ауызашар ұйымдастырды (фото)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде кезекті жамағатқа арналған дастархан жайылды.

«Әл-Фараби»: Мешіт жамағатына дастархан жайылды (фото)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Мәуліт меркесінің құрметіне орай жамағатқа ас берілді.

«Әл-Фараби» мешіті ерекше балаларға қайырымдылық жасады (фото)

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Адамдардың ең қайырлысы – ол өзгеге пайдасы тигені» деген. Осы өсиетке амал еткен «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы бүгін қаламыздағы жиырма отбасына қуаныш сыйлады.

«Әл-Фараби» мешітінде Мәуліт оқылды (фото)

Бүгін қасиетті жұма күні ардақты Алла Елшісінің (с.ғ.с) туған айының құрметіне орай, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Мәуліт оқылды.

«Әл-Фараби»: «Мейірімділік мекені» 20 отбасына қуаныш сыйлады (фото)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде «Мейірімділік мекені» дәстүрлі қайырымдылық шарасы өтті.

«Әл-Фараби» мешіті: «Жібек жіп» тігін курсы ашылды (фото)

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұйымдастыруымен, мешіт жанынан құрылған «Жібек» қыз-келіншектер клубының атсалысуымен «Жібек жіп» тігін курсы ашылды. Тігін курсын арнайы келіп, ашып берген мешіттің бас имамы Нұрлан Рамазанов ізгі тілектерін жолдап, тігін шеберханасының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Ілгерідегі Пайғамбарлардың бәрі де бір-бір кәсіп меңгерген еді. Дәуіт пайғамбар темір ұстасы болса, Нұх пен Зәкәрия пайғамбар – ағаш ұстасы, Адам мен Айюб пайғамбар – диқан, Ыдырыс пайғамбар – тігін шебері болған. Осылайша пайғамбарлар да бір кәсіптің құлағын ұстап, адал ырзық тапқан болатын. Осы ізгі дәстүрді жалғау мақсатында мешіт жанынан ашылған тігін курсында қыз-келіншек шәкірттеріміз тігіншілікті кәсіби, білікті мамандардан үйреніп, арнайы тігін сабақтарын өтетін болады.

Тігінші мамандығында белгілі бір жетістікке жету үшін тігіншінің шығармашылық біліктілігімен қатар, жұмысында табысты болу үшін теориялық бастапқы білімі болу керек. Алдағы уақытта «Жібек жіп» тігін курсы екі ауысым бойынша 10 шәкірт қыз-келіншектерге сабақ өтуді жоспарлап отыр.

230922 Jibek jip 1

230922 Jibek jip 2

230922 Jibek jip 3

230922 Jibek jip 4

230922 Jibek jip 5

230922 Jibek jip 6

230922 Jibek jip 7

230922 Jibek jip 8

230922 Jibek jip 9

230922 Jibek jip 10

230922 Jibek jip 10

230922 Jibek jip 11

230922 Jibek jip 12

230922 Jibek jip 13

230922 Jibek jip 14

230922 Jibek jip 15

230922 Jibek jip 16

230922 Jibek jip 17

ummet.kz

«Әл-Фараби» мешіті қайырымдылық шарасын өткізді (фото)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұйымдастыруымен және «Сауап» белсенділер тобының атсалысуымен кезекті қайырымдылық шарасы өтті.