20
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Әл-Фараби» мешіті сырқат балалардың отбасына қолдау білдірді (фото)

«Әл-Фараби» мешіті сырқат балалардың отбасына қолдау білдірді (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Сауап» белсенділер тобының атсалысуымен бірге ұйымдастырылған кезекті қайырымдылық шарада мешіт ұжымы қаламыздағы психоневрологиялық патологиясы бар ерекше  балалардың ата-аналарына бір айлық көлемінде азық-түлік үлестірілді.

Шара барысында «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің наиб имамы Мамлюк Мұсаев бастаған мешіт қызметкерлері жамағатпен жүздесіп, рухани қолдау танытты.

Алла Елшісі (с.ғ.с): «Кімде-кім жақсылыққа жол сілтесе, сол үшін сауапты болады» деген. Үнемі жақсылық жасауда үлгі боп келе жатқан «Сауап» белсенділер тобының жанашыр, қамқор азаматтары бұл жолы да әдеттегідей қолдау көрсетіп, 20 отбасына қуаныш сыйлауға атсалысты.

Қайырымды істің жылулығын сезінген отбасылар халықтың алғысына бөленіп, рақметін алған атымтай жомарт азаматтарға, мешіт ұжымына келген отбасылар ризашылықтарын білдірді.

041122 Qaiyrymdylyq 1

041122 Qaiyrymdylyq 2

041122 Qaiyrymdylyq 3

041122 Qaiyrymdylyq 4

041122 Qaiyrymdylyq 5

041122 Qaiyrymdylyq 6

041122 Qaiyrymdylyq 7

041122 Qaiyrymdylyq 8

041122 Qaiyrymdylyq 9

041122 Qaiyrymdylyq 10

041122 Qaiyrymdylyq 11

ummet.kz

Бөлісу: