26
Жұма,
Сәуір

һижри

Ғұсыл алу барысында үш рет жуыну міндетті ме?

Ғұсыл дегеніміз «суға түсу», яғни денені құрғақ жер қалдырмастан таза сумен жуу дегенді білдіреді. Барлық шариғат ғалымдары осы пікірмен келіседі.

«Шүкір сәждесі» дегеніміз не?

Сұрақ: Ассаламу ғалейкум! Бала кезімде атамның қуаныштан «Аллаға шүкір» деп сәжде жасайтынын көретін едім. Кейін бір жерден Халифа Алтайдың Қазақстанның егемендік алғанын ести сала шүкір сәждесін жасағанын оқыдым. Жалпы шүкір сәждесінің жасалу реті, ережесі бар ма? Әлде жәй ғана сәждеге бара ма?

Жеті саны сәттілік әкеле ме?

Cұрақ: Ассаламу ғалейкум! Адамдар телефон, көлік және басқа да номерлеріне «мықты» сандарды таңдауға тырысады. Ырым бойынша, жеті, тоғыз сандары табыс әкелетін десе, он үш пен алты жүз алпыс алты ең сәтсіз сандар деп иланады. Сандар төңірегіндегі ырым-жорамалдар жайлы Ислам діні не дейді?

Тұмар тағу ширк амал ма?

Ассаламу алейкум!

Тұмар тағу жайлы шариғатта не айтылған? Тұмар тағу – Құдайға серік қосқан боп есептеледі, үлкен күнә деген сөз дұрыс па?

Мәуліт мерекесі жайлы шариғат не дейді?

Ассаламу алейкум, құрметті сайт ұжымы!

Мәуліт айы деп Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туған айды айтады екен. Осы айда мереке етіп, атап өту бар екен. Алайда, кейбір бауырлар бұл дұрыс емес дейді. Осы жайлы, яғни мәуліт тойлау немесе тойламау жөнінде түсіндіріп берсеңіздер. Алдын ала рахметімді айтамын.

Таң намазына тұра алмай жүрмін. Не істесем болады?

Ассалаумағалейкум! Сіздерден сұрағым келгені, адамның таң намазына тұра алмай қалуының қандай себептері болуы мүмкін? Өз басым жатарда тиісті дұғаларды айтып жатам, бірақ сонда да кей кездері ұйықтап қап, таң намазын қаза етіп алам. Осыған бір кеңес берсеңіздер!

Кісі иманына тіл тигізудің залалы

Ассаләмуғаләйкүм!

Ақида, шариғат деп таласып жатып ақыры қызу үстінде «кәпірсің» деп иманына қол сұғады. Осылай айтуға құқылы ма, оның залалы бар ма?

«Бисмилласыз» дәрет дұрыс болмай ма?

Ассаләмүғаләйкүм!

Дәрет алған кезде «бисмилла» деп айту міндетті ме? Ауылда аталар мен ағалар қол жуа бастағаннан «бісмиллә» деп бастап жатқанын көргенім бар еді. Осы жөнінде айтып беріңізші.

Өткен іске өкіну қаншалықты зиян?

Ассаләмүғаләйкүм!

Кейде достарым, кейде өзім де бұрынғы қолымнан жіберіп алған мүмкіндіктерге өкінемін. Қап, осылай жасағанымда ғой деген сияқты ойлар келеді.

Жолым байланып тұр, қалай ашам?

Ассалаумағаләйкүм!

Сұрайын дегенім, ешбір жолым болмай жүр. Жұмысымда да қиындықтар басталып кетті. Соның салдарынан ба, денсаулығым да сыр бере бастады. Үй ішінде де ұрыс-жанжал. Жолымды қалай ашамын. Тәуіптерге күнә болады деп баруға қорқамын.