22
Дүйсенбі, Қазан

һижри

Сұрақ: Оразаның адам ағзасына пайдасы бар ма?

Жауап: Әлдебіреулер ораза тұту амалын адам денсаулығына кері ықпалын тигізеді деп білместікпен айтуы мүмкін. Алайда, ғылым, соның ішінде медицина, оразаның адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеуде. Атап өтер болсақ:

- Ораза – тек рухани емес, сондай-ақ адам ағзасын тазартуда үлесі зор.

Сұрақ: Рамазан айындағы оразаның маңыздылығы қандай?

Жауап: Рамазан айында күндіз тамақтанудан тыйылу арқылы біз Алла Тағаланың бізге берген нығметтеріне шүкіршілік етіп, барға қанағат етіп үйренеміз. Осы себептен Алла Тағала былай деген:

لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ

Сұрақ: Біз «ораза» сөзін қолданамыз. Ал оның мағынасы қандай?

Жауап: Араб тілінде ораза сөзін «соум» немесе «сыям» деп атайды.

«Соум» сөзінің лингвистикалық мағынасы – тыйылу. Мәселен, «Марйям» сүресінің 26 аятында Марйам анамыздың мына сөзі келтірген:

إِنِّي نَذَرْتُ لِلرَّحْمَنِ صَوْمًا فَلَنْ أُكَلِّمَ الْيَوْمَ إِنسِيًّا