Меню

16
Сәрсенбі,
Сәуір
17
Шәууәл
1446 һижри

32. Жамағат намазына қатыспауға қатысты ескертулер

Ораза

Хақ Тағала Өзіне бойсұнған пендесіне мол игілікті уәде еткен. Бұл Жаратушы Иенің шексіз рақымдылығының белгісі. Болмаса құлдың міндеті – Тәңірінің әмірін орындау ғана.

Жантәсілім сәтіне дейін: «Үмметім! Үмметім»,-деп үмметі-нің қамын жеген Пайғамбарымыз Мухаммад (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) құлшылық етудің маңыздылығы, соның ішінде намазды жамағатпен оқу жайында ерекше ескерткен. Солардың кейбірін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

 

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады:

«Алла Тағаланың азаншысы намазға шақырғанын естіп тұрып намазға бармаған адам зұлымдық, күпірлік және екіжүзділік еткен болады».[1]

 «Ауыл немесе далада жасаған үш адам намазын жамағат болып оқымаса, оларды шайтан басынады. Намазды жамағатпен оқыңдар! Себебі, бөлінген қойды бөрі жейді».[2]

 «Ибн Аббас (родиял-лаһу ъанһу) күндіз ораза ұстап, түнімен намаз оқып, алайда жамағат және жұма намазына келмеген адам жайында сұралғанда: «Оның барар жері - тозақ»,-деді».[3]

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 



[1]«Муснадүл-Имами Ахмад».

[2]«Риядус-Солихин».

[3]«Сунәнут-Тирмизи».

Бөлісу: