13
Бейсенбі,
Тамыз

һижри

6. Шариғат талабына сай ниеттену мәселесі

Ораза

Ауыз бекітуді қалаған адам ниеті шариғат талаптарына сай болуын қадағалаған жөн. Себебі, шариғат бойынша оразаның кейбір түріне күн батқаннан күн шыққанға дейінгі аралықта ниеттену шарт.[1] Мұндай болмаған жағдайда оразасы дұрыс болмайды. Оразаның кейбір түріне күн батқаннан күн тал төбеге келгенге дейінгі аралықта ниет ету шарт. Мұндай оразаға Рамазан, белгілі нақты белгіленген нәзір және нәфіл мутлақ оразалары жатады.[2]

Түннен ниеттену және түрін нақтылау тиіс болған оразаға:

1. Рамазанның қазасы;

2. Бір себептермен бұзылған нәфіл оразаның қазасы;

3. Кәффарат[3] оразасы;

4. Нәзір мутлақ оразасы – жатады.[4]

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 



[1]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[2]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи», «Мурақил-Фалләх» шарху «Нурил-Идах».

[3] яғни, өтем.

[4]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

Бөлісу: