28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Рамазан айында шайтандар кісенделеді

Ораза

«Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Рамазан айы кіргенде аспанның[1] есіктері ашылады.[2] Жаһаннамның есіктері жабылып,[3] шайтандар кісенделеді».[4]

Хадисті Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ғанһу) Имам Бухари, Имам Муслим және Имам Насаи риуаят етті.[5]

 



[1] «аспаннан» мақсат: жәннат. Себебі жәннатқа аспаннан көтеріледі. Ал жәннат аспанның үстінде әрі аспанның шатыры – Хақ Тағаланың аршысы. («Сахихүл-Бухари»)

[2] «ашылудан» мақсат: көп құлшылық ету мүмкіндігі болуы ықтимал. («Сахихүл-Бухари») Имам Әл-Манауи айтады: «Бұл Аллаһ Тағаланың рахметі жауғанның әрі сол уақытта істелген құлшылық ешбір кедергісіз көтерілудің, яғни қабыл болудың белгісі». («Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиъис-Сағир»)

[3] яғни, Рамазан уақытында ораза ұстағандардың бойы үлкен күнәдан аулақ болады. Ал кіші күнәлар, Аллаһ Тағала қаласа, Рамазанның берекетімен кешіріледі. («Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиъис-Сағир») Сонымен қатар, бұл сөз тозақтың есігі Рамазаннан тыс уақытта ашық болатынына меңзейді. («Сунәнун-Насаи»)

[4] көп адам: «Егер Рамазан айында шайтандарға кісен салынса, онда неге оразаның кезінде күнә істеліп жатады?»,-деген сұрақ береді. Жауап: күнәнің пайда болуына шайтан септігін тигізу шарт емес. Себебі пенденің күнәға баруына жаман пейілі мен ниеті де жеткілікті. («Сунәнун-Насаи»)

[5]«Сахихүл-Бухари», «Фатхүл-Бари» шарху «Сахихил-Бухари», «Хашиятус-Санади ъалән-Насаи», «Файдүл-Қадир, Шархүл-Жәмиъис-Сағир» және «Канзүл-Ъүммәл».

Бөлісу: