08
Жексенбі,
Қыркүйек

һижри

Сүннеттің мұсылмандар үшін беретін ең басты насихаты

Сүннеттің мұсылмандар үшін беретін ең басты насихаты

Ислам тарихы

«Расында, мүміндер – бір-біріне шынайы бауыр. Олай болса, (жүз шайысып, ат құйрығын кесіскен) бауырларыңның арасын жарастырыңдар, сондай-ақ (бауыр ақысына келгенде) Алладан қорқыңдар (һәм үкіміне қарсы келуден сақтаныңдар)! Міне, сонда Оның рақымына бөленерсіңдер!» («Хұжұрат» сүресі, 10-аят) бұйрығына бойсұнуы арқылы бақытсыздықтан құтылған еді.

Олар әз Елшінің: «Уа, адамдар! Алла жалғыз, барлықтарың Адам атаның ұрпағысыңдар. Ал Адам болса топырақтан жаратылған. Араб араб еместен, ақ нәсілді қара нәсілдіден тақуалықтан басқа нәрседе артық бола алмайды. Адамдар бір-бірінен тақуалық дәрежесіне қарай үстем бола алады» деген өсиетіне соншалықты адалдық көрсеткен және осы жетістіктердің тек қана иләһи қолдаудың нәтижесінде ғана іске асқандығын ешқашан ұмытпаған. Мәдинадағы бұл бауырластық пен бірлік, сезімнен бұрын ақыл, логика және ерікті түрде жүзеге асқан бауырластық еді.

Сүннеттің бүгінгі күндегі мұсылмандар үшін беретін ең басты насихаты – сүйіспеншілік пен ауызбірлікте тек сезіммен ғана шектеліп қоймай жан дүниесімен, бар ой-санасымен, сенімі тұрғысынан біріккен саналы бауырластыққа ұмтылу. Сондықтан да Саид Нұрси кез-келген мәселенің әрдайым логикалық қыры мен динамикасын назарға алып отырған. Мысалы, «Жаратушыларың бір, барша мүліктің иесі болған тәңірлерің бір, құлшылық ететін құдайларың бір, ризықтандырушыларың да бір, бір, бір мыңға дейін бір. Сонымен қатар, Пайғамбарларың бір, діндерің бір, құбылаларың бір. Бір, бір, жүзге дейін бір, бір...», – дейді. Сондықтан адам баласы осы секілді жүздеген ортақ нәрселерді назардан тыс қалдырмай татулық пен бауырластықтың қаншалықты маңызды екендігін ұғынуы керек және оның қалыптасып, әрі қарай жүзеге асуы үшін барын салуы қажет.

Қорыта айтқанда, сүннеттің өміріміздегі рөлін ұғыну өте маңызды болмақ. Мұны тиісінше түсіну үшін сүннетке деген мұқтаждығымызды жан дүниемізбен сезініп, оған көңіл қою, маңыздылығын ұғыну, өмірімізді дұрыс арнаға бұру үшін қандай негіздерге сүйену қажеттігін одан үйрену, сонымен бірге үйреніп қана қоймай оны тіршілігіміздің қайнар бұлағына айналдырып, одан қанып ішу, сөйтіп өмірімізге сіңіру арқылы мүмкін болады. Әсіресе, Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «мәнһәлул-азбил-мәурид» (тәтті су қайнар көзін) қазіргі таңдағы мұсылмандарға ұсынып, оны әрі шариғат, әрі жаратылыс заңдылықтары тұрғысынан түсіну һәм қарау маңызды. Міне, осындай таным көкжиегі арқылы сүннеттің нұрлы жарығы шеңберінде кешегі күні қалайша өркениет құрып, адамзаттың игілігіне жараған болсақ, Алланың қолдауымен бүгінгі күні де, ертең де соның іске асуы мүмкін. Сондықтан да біздің басты міндетіміз – сүннетті шын көңілден құрмет тұтып, оны тиісінше дәріптеу.

материал «Сүннет – пайғамбар жолы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: