08
Жексенбі,
Қыркүйек

һижри

«Өтінемін» деп айту – барлық әрекеттеріңнің ең жеңілі

«Өтінемін» деп айту – барлық әрекеттеріңнің ең жеңілі

Ислам тарихы

«Өтінемін» деп айту – сенің бұл өмірде істейтін барлық әрекеттеріңнің ішіндегі ең жеңілі. Әрі сені жетістікке жетелейді. Бұл қалай десеңіз? Мінеки, былай.

«Өтінемін» деп айтуды осы бастан үйрену керек. Бұл сөзді айту арқылы сен өміріңді біршама жеңілдетесің.

Қандай пайдасы бар? Өзіңнің үш не төрт жасқа келген кезіңді есіңе түсір. Сен бір нәрсе сұрай бастаған кезіңде, анаң: «Не деп сұрау керек?» дегенде сен, әрине,«Өтінемін» деп жауап беретінсің. Есесіне керегіңді алатынсың. Сол кезде сенің айтқан өтінішің міндетті түрде жүзеге асатын. Ал қазір сен есейдің. Енді өтініш айтудың да «формасы» өзгерді.

Егер сен өтініш айтуды әлі де үйренбеген болсаң, бұл жөнінде ойланғаның жөн. Дәл қазір өтініш айтып жаттыға бер.

Дастарқан басында «Маған тағы да кішкене көже құйып бересіз бе?» деп емес, оның орнына «Өтінемін, маған тағы кішкене көже құйып бересіз бе?» деп айтқан жөн.

Егер де «Қант беріп жіберейін бе?» десе, «Иә» деп емес, «Өтінемін» деп айт.

Егер адам толы лифтте келе жатсаң, «Тоғызыншы қабатты басып жіберетін адам бар ма?» деп айтпа, «Өтінемін, тоғызыншы қабатты басып жіберіңіздерші» деген дұрысырақ.

Егер де қолың затқа толы болғандықтан, есікті аша алмай тұрсаң, «Біреуің есікті ашып жіберіңдерші, ей» деп емес, «Өтініш, есікті ашып жіберіңіздерші» деп айтқаның дұрыс.

«Өтінемін» сөзі аса бағалы зат секілді жағымды әсер қалдырады.

Бұл сөзді өзіңнің сөйлеу әдебіңе қоссаң, саған айналаңдағы адамдардың сыйластығы артады.

Өзіңе көрсетілетін әрбір қызметке «өтінемін» деп айтқан жөн. Мәселен, мейрамханада отырғанда даяшыға:

«Өтінемін, тағы да бір шыны шай әкеле аласыз ба?» дегенің абзал.

Адамдардың істеп жүрген жұмысын бағалауға міндетті емеспін деп түсіну.

Қонақ үй қызметшісіне де, қонақ үйдің басшысына да бірдей сыпайылық көрсету керек екенін күндердің бір күні түсінесің. Егер сен бұны қазірден бастап үйренсең, кез келген жағдайда оңай шешім табасың.

Нағыз ер жігіт «өтінемін» және «рақмет» деген екі сөздің етпен қымыз ішкендей үйлесетінін жақсы біледі.

Нағыз ер жігіт өзіне қызмет көрсеткен барлық адамға, мейлі ол қандай қызмет болмасын, «өтінемін» деп айтады.

материал «Жігіттің сұлтаны бол» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: