08
Жексенбі,
Қыркүйек

һижри

«Уақиға» сүресін әйелдеріңе үйретіңдер, oл – байлық сүресі»

«Уақиға» сүресін әйелдеріңе үйретіңдер, oл – байлық сүресі»

Ислам тарихы

Ибн Мәсғуд (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деді: «Кімде-кім үнемі түнде «Уақиға» сүресін оқитын болса, оған кедейлік келмейді. «Мусаббихатта» («Сәббәхә» немесе «иусәббиху» деп басталатын сүрелердe) бір аят бар, ол (сауап жағынан) мың аятқа тең».

ТҮСІНДІРМЕ:

Рәзин қосқан осы риуаяттың бірінші бөлімі «әд-Дуррул-мансурда» және басқа да көптеген дереккөздерде жазылған. Алайда екінші бөлімі ешбірінде жоқ. Кейбір риуаяттарда былай делінген: «Уақиға» сүресі – байлық сүресі, оны оқыңдар және балаларыңа да үйретіңдер», «Уақиға» сүресін әйелдеріңе үйретіңдер, өйткені oл – байлық сүресі». Әзірет Айша әйелдерге былай деген: «Сендерден ешбірің «Уақиға» сүресін оқуда әлсіздік танытпасын». Жәбир ибн Сәмура былай деген: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) таң намазында «Уақиға» және соған ұқсайтын сүрелердің біреуін оқитын».

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) «...және жоғары мәртебелі төсектерде» деген аят жайлы Расулалланың (с.а.с.) былай дегенін жеткізеді: «Олардың биіктігі аспан мен жер арасындағы қашықтықтай. Ал ол екеуінің арасындағы қашықтық – бес жүз жыл жүретіндей қашықтық».

ТҮСІНДІРМЕ:

Тирмизи осы хадискe қатысты былай дейді: «Кейбір ғалымдар бұл хадистi былай түсіндірген: «Оның мағынасы мынадай төсектер – дәреже, ал дәрежелер арасындағы қашықтық – жер мен аспан арасындағы қашықтықтай».

Хадисті түсіндірушілердің кейбіреуі мынадай мағына шығарған: «Жоғары мәртебелі төсектер жайылған дәрежелердің біреуінің биіктігі – жер мен аспан арасындағы қашықтықтай». Турбушти осы мағынаны ең сахихы деп санаған және мына хадиспен растаған:

«Жәннатта жүз дәреже бар. Әрбір екі дәреже арасында жер мен аспан арасындағы қашықтықтай қашықтық бар».

Осы сөздерге қарап, жәннаттағы өмірдің әркім үшін әртүрлі болатынын, фәни дүниеде жасаған амалдарына, істеген игілікті істеріне, сауабына қарай жәннаттың түрлі дәрежелері болатынын айтуға болады. Сол секілді жаһаннамның да кәпірлердің күпірлік дәрежелеріне қарай түрлі дәрежелері бар.

Әнәс (р.а.) «Біз ол кезде оларды (тәні мен жан-дүниелерін жұмаққа лайық етіп) жаңадан жаратқан боламыз. Оларды қыз кездеріндегі пәк қалпына қайта түсіреміз. Олар жұбайларын құлай сүйетін әрі жас жағынан да түйдей құрдас болады. (Бұлардың бәрі амал дәптерлерін оң жақтан алатын бақытты жандар) асхабул-ямин үшін» деген аят жайлы былай деді: «Аятта айтылған жаңадан жаратылғандар арасында фәни дүниеде болған кезде қартайып, көзінің жанары сөнген қартамыс әйелдер де бар».

материал «Сүннет энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: