08
Жексенбі,
Қыркүйек

һижри

Біздің әділдігіміз біреудің реакциясымен өлшенбейді

Біздің әділдігіміз біреудің реакциясымен өлшенбейді

Ислам тарихы

Алла Тағала біздің ішіміздегі ойды біледі. Адамнан жасырғанды Алладан жасыра алмаймыз. Біздің жақсы-жаман ісіміздің бәрін біледі.

Кейде өзімізді төмендетіп, теріс бағалап, көңіл-күйіміздің түсетіні бар. Бойымыздағы күмәнді де күнәлі істі өзгеден байқап қалсақ, Жаратушымыздың да білетінін түсініп, мазасызданамыз.

Бойымыздағы жек көретін нәрсені біреудің бойынан көрген кезде түзегіміз кеп Алла тұрады. Іштегі проблеманы сыртқа шығара бастаймыз.

Содан соң, арамызда ұрыс-керіс туындайды. Біз кейде адамның көңіліне карамай, ренжітіп жатамыз. Ол үн қатпаган соң, біз де үнсіз каламыз. Бірақ оның қарсылық танытпағаны ренжімегенін білдірмейді. Себебі біздің эмоцияның кешігетіні бар. Еске түсіріңізші, бір мәселе бойынша сіз "иә" деп келісім берген күніңіз бар ғой?! Артынша бірнеше сағат өткен соң келіскеніңізге өкініп, ашуланған да боларсыз. Оның себебі болған окиғаның қорытылып үлгермегені болса керек. Үйге келген соң ғана мәселенің басқаша болғанын түсінесіз.

Сол себептен үндемеді деп бауырымыздың ақысын жеп жүрмелік. Біздің әділдігіміз біреудің "реакциясымен" өлшенбейді. Ол үшін шариғат шеңбері бар.

Адамның ашу шақырмауы оның риза екенін білдірмейді. Себебі ортада өз ақысын қорғай алмай жататындар бар. Міне, біреудің ақысын басқаға жегізіп қоймауымыз қажет.

Мәселен, екі досымның бірі екіншісіне тиісіп жатса, арасына түсіп, арашалауым керек. Ал біз досты қорғау дегеннен алыстап барамыз. Бұл – мұсылманның мұны. Біздің ортада жанашырлык, мейірім көрініс тапқан кезде ғана бір-бірімізді бастаймыз. Бауырлардың ақысын қорғап, олар үнсіз қалган сәтте жоқ деп мәселе көтере білуіміз – нағыз бауырлық.

Өкінішке қарай, бізде ескерту деген өте аз. Бір кісіге жиырма жерден жақсы қарым-қатынас жасасаң да, алыстағы адам боп қала береді. Ал бір рет орынды ескерту жасар болсақ, ол бізге бауыр боп шыға келеді.

Патрик Ленсионидін "Пять пороков команды" кітабында осы ескерту жасамау бес айыптың бірі екендігі жазылған. Ауыз толтыра үлкен мәселелерді сөз кылғанмен, кейде қарапайым нәрселерді айтпай, ескертпей, ұмытып кетіп жатамыз. Негізінде, бір-бірімізге жанашырлық танытып, хал-қадірімізді сұрап, жүргеніміз абзал.

материал «Мұсылман мұңы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: