08
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Адамның өзіне ғана тән ризығы бар екеніне сеніңіз

Адамның өзіне ғана тән ризығы бар екеніне сеніңіз

Ислам тарихы

Адамның өзіне ғана тән ризығы бар екеніне сену керек. Егер ол осыған сенбесе, өзіне ғана арналған рызыққа көзқарасы дұрыс болмайды.

Мысалы, біреу бір түрдегі егіннен бір жылдарда көбірек пайда табады. Оның тапқан табысын көріп, өзге егіншілерде өздерінің егіп жүрген егіннің түрін тастап, әріптестері артық пайда тапқан сол егінге ауысады. Мысалы, бұрыннан картоп егіп жүргендер оны тастап, қарбыз ексек қана табамыз деп, артық рызықты сол істен көрді. Олардың ескермеген қателіктері Алланың Әл Әхәд есімін ұмытты. Рызық беруші Алла, Әл Әхәд әркімге оның мінезіне, әрекетіне, мақсатына, сеніміне қарай рызық береді. Әл Әхәд есімінің энергиясынан пайдаланғысы келген адам өзінің ісінде өзгені дәл сондай етіп қайталауы керек емес. Сіз өзіңіздің аяғыңызға шақ келетін туфлиді кисеңіз ғана өзіңізсіз. Өзгенің туфлиін киіп, сол секілді болмақ сізді, өзіңізді жоғалтуға апарады. Сізге рызық бар, соған ғана тиесілі, шақ рызық бар. Сіз өзіңіздің егіп жүрген картопты еге беріңіз, бірақ ең жақсы түрде егуге, адамдарға соңы ең қолайлы түрде дайындауға тырысыңыз!

Картофельдің өз алушылары бар, олардың рызығын, азығын дайындаңыз! Хадисте айтылғандай, адамдардың ең жақсысы оларға ең пайдалы болғаны емес пе? Бұл хадистің мағынасы осыны меңзейді емес пе? Адамға рызық өзгелердің рызығын ойлағанда, сол үшін қам жегенде артады. Кейбіреулер: «Адамдар мынадай киіпті?», - деп, жараспаса да жұрт кигенді киеді. Өзіндегі жекелік сипатын, даралық қасиетін ескермейді. Ондай адам өзіне Алла берген жекелік деген байқалмайды. Өнім, қызмет өзгелерден ерекше, бөлек болғанда тұтынылады. Мысалы, нан – азықтың бір түрі. Сол нанның көп түрі бар, әрқайсысының өз тұтынушысы бар.

Рызығым ерекше болсын деген адам өзіне ғана берілген ерекше рызықты мойындауы керек.

материал «Ризық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: