05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Ұмытылған сүннет: Үйге кіргенде мисуак қолдану

Ұмытылған сүннет: Үйге кіргенде мисуак қолдану

Ислам тарихы

Әл-Миқдам ибн Шурайх әкесінің былай дегенін жеткізеді:

«(Бірде) мен Айша анамыздан (Алла оған разы болсын): «Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйіне кіргенде неден бастайтын? – деп сұрадым. Ол: «Мисиуактан», - деп жауап берді.»  («Фәтх әл-Мулхим», 326/1)

Тағы бір риуаятта: Айша анамыз: (Алла оған разы болсын): «Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйіне кіргеннен кейінгі ең алдымен істеген ісі – мисуак қолдану болатын», - деп жеткізген (Муслим, No 253. Муслим, No 253).

Шейх Шабир Ахмад әл-Усмани бұл хадистің түсіндірмесінде: «Бұл хадис мисуакты үнемі қолданудың құндылығын, оның аса маңыздылығын, әрдайым қайталануын және тек дәрет пен намазбен ғана шектелмейтіндігін көрсетеді», – деген.

Сондай-ақ, дәрет алу кезінде мисуак қолдану орындалмай жүрген сүннеттердің ең белгілісі болып табылады. Мұсылмандардың барлығы дерлік бұл әрекеттің абзалдығын біледі, бірақ оған амал ететіндер аз. Ал оны үнемі ұстанатындар одан да аз.

материал «Ұмытылған 40 үннет» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: