23
Дүйсенбі,
Қыркүйек

һижри

Әйел адамның әуреті қай аралықты қамтиды?

Әйел адамның әуреті қай аралықты қамтиды?

Ислам тарихы

Әйелді ерден ерекшелейтін намаздың сыртқы парызының бірі – әурет жерді жабу. Ол туралы Имам әл Қудури «Әйел адамның жүзі, екі қолы, екі табанынан басқа жері түгел әуретке жатады» - деген.

Осындағы «әйел адамның жүзі» дегеніміз - шаш өсетін жер мен иектің астына дейінгі жерді қамтиды, яғни иектің асты жабық болуы тиіс. Намазда иек астының 1\4 бөлігі ашық болса, намазы бұзылады.

«Әйел адамның табаны әурет емес» деген сөзге келсек, бұл мәселеде үш түрлі көзқарас бар. Ең дұрыс көзқарас деп танылғаны үшіншісі, және соған пәтуа берілген.

«Роддуль Мухтар» және «Ғумдату әр-Риғая ъаля шархи әл-Уиқоя» кітаптарында былай деп келген:

1. Әйел адамның табаны намаз ішінде де, сыртында да – әурет.

2. Әйел адамның табаны намаз сыртында емес, намаз ішінде – әурет.

3. Намазда әурет емес, намаз сыртында – әурет.

Үш көзқарастың соңғысына, яғни «намазда әурет емес, намаз сыртында әурет» деген сөзге амал етіледі. Себебі, әйел адамның тобықтан төмен жері, яғни табаны ер адамның шахуатын оятады. Әрі табан әшекейленетін жер. Намазда әурет болмау себебі: әйелдерге намаз ішінде аяқтарын жабу қиындық тудырады, сол үшін намазда әурет емес.

Ал намаз сыртында яғни көшеде, базарда жүрген кезде табанды шұлық т.б нәрсемен жабу қиындық тудырмайды (бұл жерде «табан» сөзі тобықтан төмен аяқ бөлігін толық қамтиды), сондықтан намаз сыртында, көшеге шыққанда табан жабық болуы керек. (Ғибадат тұтқасы, 113 бет).

материал «Нәзік жанның намазы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: