10
Бейсенбі,
Қазан

һижри

Нәпілдің пайдасы – парыздағы кемшіліктердің орнын толтыру

Нәпілдің пайдасы – парыздағы кемшіліктердің орнын толтыру

Намаз

«Нәпіл» араб тілінде «сый, сыйлық» дегенді білдіреді. Сыйлық ешкімнің мәжбүрлеуінсіз, тек қана көңіл қалауымен берілетін зат болғандықтан, дәл солай ерікті түрде орындалатын ғибадаттарды да осы мағынада «нәпіл» деп атаған. Басқаша айтқанда, нәпіл – парыздың антонимі.

Сондай-ақ әр ғибадаттың парызы мен нәпілі болады. Мысалы, нәпіл намаз, нәпіл ораза, нәпіл садақа т.с.с. Атап айтқанда, бес уақыт намаз, ер кісілерге жұма намазы парыз, ал қалған тахаджуд намазы, духа намазы т.б. намаздар нәпіл болады. Сол сияқты Рамазан айындағы ораза парыз, ал дүйсенбі, бейсенбі күнгі, ашура күніндегі т.б. оразалар нәпіл болады. Дүниесі жететін кісілерге жылына бір рет зекет беру парыз, ал қалған уақытта қалағанынша садақа беру нәпіл болады.

Нәпіл ғибадат пенденің ықыласынан хабар береді. Парызды қаласа да, қаламаса да, міндет болған соң барлығы орындайды. Ал нәпілді артық сауап іздеген, Алла Тағаланың ризалығы мен кешірімінен үміті көп адамдар ғана орындайды.

Нәпілдер пендені Алла Тағалаға одан сайын жақындатады. Бір құдси хадисте Алла Тағала: Пендем маған Мен парыз еткен істермен жақындайды... одан кейін нәпілдермен жақындайды...», – деп айтады.

Нәпілдердің, мысалы, нәпіл намаздың тағы бір маңызды міндеті – парызды қорғау. Бүгін нәпілді, нәпілдердің басында тұрған бекітілген сүннетті тәрк еткен адам ертең парызды да тәрк етпейтініне кепілдік жоқ. Нәпілдің тағы бір үлкен пайдасы – парыздағы кемшіліктердің орнын толтыру.

материал «Нәпіл намаз» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: