21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Сауданы Құранмен, ілім алумен ұштастырған ғалымдар

Сауданы Құранмен, ілім алумен ұштастырған ғалымдар

Ислам тарихы

Ислам тарихында сауданы Құран оқумен, ілім алумен ұштастырған көптеген ғалымдар бар. Бұл тұлғалар дүниелік еңбек пен рухани және ғылыми ізденіс бітімгершілігінің үлгісі болып саналады. 

Имам Әбу Ханифа (Алла рақымына алсын)

Исламдағы көрнекті фиқһ ғалымдарының бірі және ханафи мәзһабының негізін қалаушы. Сауда саласында жұмыс істеп, табысын фиқһты оқып, дәріс беру кезінде өзін-өзі қамтамасыз етуге жұмсаған.

Имам әш-Шафиғи (Алла рақымына алсын)

Шафиғи мәзһабының негізін салушы, өмірінің әртүрлі кезеңдерінде сауда саласында жұмыс істеген және осы тәжірибесін білім жолына пайдаланған.

Абдулла ибн әл-Мубарак (Алла рақымына алсын)

Хадис хафизі, сонымен қатар табысты саудагер болды. Ол өзінің байлығын білім жолындағы шәкірттерді қолдауға жұмсап, ғылым іздеп саяхаттаған. Абдулла ибн әлМубарак (Алла рақымына алсын) исламның тіректері болған төрт ғалымға ақша бөліп отыратын. Олар:

1) Хаммад ибн Зәйд;

2) Хаммад ибн Сәләмә;

3) Исмаил ибн Улайя;

4) Фудайл ибн Ияд.

Алла оларды мейіріміне бөлесін! Ол былай деп айтатын: «Мен осы төртеуі үшін сауда жасаймын, егер олар болмағанда сауда жасамас едім».

Құранды толық жаттап шыққан қари ғалымдардың өмірбаянын қарайтын болсақ, мына лақап есімдерді көп кездестіреміз: «жібек сатушы», «мата сатушы», «тұқым сатушы», «май сатушы», «етікші», т.б. Яғни ол кісілер өздерінің тірліктерімен айналыса жүріп, Құран жаттауға да уақыт тапқан. Әрі жаттаған Құрандарын бекітіп, дәріс бере алатын дәрежеге жеткен. Бұдан шығатын қорытынды: Құранды жаттауға шынымен бел буған адам өмірлік жағдаяттарға қарамай, тек алға қарай баса береді. Дүниелік тосқауылдардың өзі оны «қари болу» мақсатынан ұстап қала алмайды.

Құран Кәрімде ақыретке қатысты аяттарда жылдам әрекет етуді білдіретін «сәриғу» (асығыңдар), «сабиқу» (жарысыңдар), «фирру» (жүгіріңдер), «фасғау» (ұмтылыңдар) деген сөздер қолданылады. Бұл адамның ақыретке қозғалысы осындай деңгейде болуы керек екенін білдіреді. Ал дүниелік мәселе айтылғанда «фәмшу» (жүріңдер) сөзі қолданылды, яғни жылдамдықты білдіретін «асығыңдар», «жарысыңдар»немесе «жүгіріңдер» деген (жүріңдер) сөзі қолданылды, яғни жылдамдықты білдіретін «асығыңдар», «жарысыңдар» немесе «жүгіріңдер» деген сөздер айтылмады. Басқа аятта: «Дүниедегі несібеңді ұмытпа», - деді.

Бұл дүниелік істерге көңіл бөлу ақыреттік мәселелермен салыстырғанда екінші дәрежелі болуы тиіс екенін көрсетеді. Ал қазір адамдар керісінше амал жасайды. Шейх Әдһам: «Кейде саудагер, кәсіпкерлер ортасында болып қаламын. Бірде сол ортадағы бір адамға: «Күн немесе апта тәртібіңде мешітке баруға арнап қойған уақытың бар ма?», - дегенімде, ол кісі: «Жұма намазына ғана барамын», - деді.

Өкініштісі – біз ақыреттік істерге тым немқұрайды қараймыз. Аптасына бар болғаны үш сағат мешітке барып дәріс алуда қандай қиындық бар? Үлкен кітаптар оқып, зерттеулер жасау – әрине, мамандардың ісі. Алайда әр адам аптасына үш сағат діни ахуалына көңіл бөлсе, жеткілікті болар еді. Ешқандай адам жиырма төрт сағат бойы жұмыс істемейді.Бірмезгіл үш сағат діни ахуалына көңіл бөлсе, жеткілікті болар еді. Ешқандай адам жиырма төрт сағат бойы жұмыс істемейді.

Бір мезгіл тамақтануымызға бір сағатты толық жұмсап қоямыз. Адамдардың көбі кәсібін діни істерінен алға қояды. Тіпті, жұма намазы парыз болмағанда оған да келмес пе едік?!»

Сен дәріске бармайсың, дәріс тыңдамайсың, өзіңді дамытпайсың, өзіңді жетілдірмейсің. Сен ең аз күмән туғызатын нәрсеге түсіп, Алла сақтасын, діннен шығып қалуың мүмкін. Дініңе не үлес қостың? Қиямет күнінде ешқандай ақтау жоқ, әрқайсымыз ислам үшін жауаптымыз. Адамдар тек имам, ұстаздар ғана ислам үшін жауапты деп ойлайды, имамдар ислам үшін жауапты, сен де ислам үшін жауаптысың, имам ұстаздар қалай жауапты болса, сен де солай жауаптысың. Бірақ Алла қиямет күні сені мүмкіндіктеріңе қарай есепке алады, қызметіңе емес. Яғни Алла Тағала бізді қоғамдағы қызметімізге қарай емес, біздің мүмкіндіктерімізді қалай қолданғанымызға қарай есепке алады. Имамдар қалай исламға жауапты болса, кәсіпкерлер де өз мүмкіндіктеріне сай жауапты. Әр адам өз қолында барын исламның пайдасына жаратып, сол үшін есеп береді.

материал «Ілім және кәсіп» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: