11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Алла нәсіп етпей жатыр, үйленуге ниетім бар»

«Алла нәсіп етпей жатыр, үйленуге ниетім бар»

Исламдағы отбасы
Жарнама

Кейбір жастар үйлене алмай жүру себептерін нәсіпке байлап: «Алла нәсіп етпей жатыр,үйленуге ниетім бар», - дейді.

Нәсіп деген – адамның бір іске ұмтылғанында өзіне жазылған ризықтан оған бөлінетіні.

Яғни, ол қаншалықты тер төгеді,соған қарай нәсібі келеді. Кейде ол Алланың сізге кеңшілігімен де болады. Яғни,әрекетіңіз бен дұғаңыз аз болса да,нәсіп болады. Өйткені рызық беруші – Ол, ал біздің амалымыз бен дұғамыз емес. Қандай болса да, ол – нәсіп. Алайда мынаны білу керек:

«Мен әрекет еттім, бірақ нәсіп болмай жатыр», деуі қаншалықты дұрыс?

Егер олардың дұғалары қуатты,жиі,әрі өздерінің игілік мүдделері үшін болса, ол дұға мен тиісті әрекет көбінесе қабыл болуға лайықты деп саналады.

Мысалы,бір хадисте: «өзінің ары мен ибалығын,тазалығын сақтау мақсаты үшін үйленгісі келген адамға Алланың жәрдем беруі міндет» делінді.

Мұның мағынасы: оның дұғасы міндетті түрде қабыл болады дегенді білдіреді. (Әйтпесе Аллаға ешнәрсе міндет емес қой!)

Олай болса кейбір жастардың «дұға етудемін, әрекет үстіндемін,нәсіп болмай жатыр» деулерінде бір жаңсақтық бар. Егер оның дұғасы қуатты, әрекеті лайықты,мақсатты орынды,биік болса,керісінше,ұсақ мақсат үшін болмаса,онда неліктен нәсіп болмайды? Өйткені жоғарыда келтірілген хадисте мұндайда Алла жәрдемі келуі тиіс делінді ғой?!

Олай болса,мейлі тұрмыс,мейлі жұмыс,мейлі білім алу мақсаты болсын,сұрағаны беріледі. Бірақ көбінесе біздің жасайтын дұғаларымыз бен қылатын әрекеттеріміз арасында сәйкессіздік болады. Нәсіп болмай,кешігіп жатудың кінәратын тек нәсіпке артып қоймай, өзіміздің жағдайымыздан іздеуіміз дұрыс. Дұғамыз қырда, өзіміз сайда болып, іштей,жеме-жемге келгенде жағдайларды көлденең тарта беретін адам болудан абайлау керек.

материал «Ризық» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: