«Бәдір» соғысында Хариса ибн Сарақаға қаңғыған жебе тиіп шәһид болады. Жебенің қай жақтан атылғаны белгісіз болады.
Адамдар ол шынымен шәһид болды ма, болмады ма деген әңгімеге кірісіп кетеді. Тіпті анасы келіп Пайғамбарымыздан (с.ғ.с):
– Уа, Алла Елшісі! Харисаның жағдайы не болды? Айтшы? Шейіт болса сабыр етіп, сауап қой деймін. Мерт болып өлсе, дұға етейін? - деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с):
– Әй, Умму Хариса! Есіңді жоғалтпа (қаңқу сөзге ерме)! Ұлың Фирдаус жәннатына жетті! - дейді.
Біздің қалай өлгеніміз емес, жағдайымыздың қалай болатыны – маңызды. Бұл нәрседен біз ешкімді өлімге шақырып тұрған жоқпыз. Ол – біздің қалауымыздан тыс, қаласақ та, қаламасақ та болатын табиғи дүние. Маңыздысы – жүрегіңде Раббың бар ма деген мәселе. Оған деген сенім бар ма? Алланы жақсы көресің бе? Осы нәрселерге бас қатыру керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қалай өмір сүрсеңдер, солай өлесіңдер. Қалай өлсеңдер, солай тірілесіңдер», - деген. Дүниеден қалай өткені емес, қалай өмір сүргені – маңызды!
материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,
ummet.kz