23
Жұма,
Қаңтар

һижри

Ысырап – адамның ісінде және сөзінде шектен шығуы

Ысырап – адамның ісінде және сөзінде шектен шығуы

Ислам тарихы

Жалпы алғанда, ысырап – адамның кез келген ісінде немесе сөзінде шектен шығуы, дегенмен бұл әрекет көбіне шығын жасауда байқалады.

Ысырап тек жамандыққа ғана емес, жақсылыққа да қатысты болуы мүмкін. Мысалы, бар мал-мүлкін садақа ретінде түгел таратып жіберу де ысырап болып саналады. Бұл жөнінде Алла Тағала Құранда былай дейді: «Егіннің өнімін жинаған күні оның хақысын беріңдер және ысырап етпеңдер. Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» («әл-Анғам» сүресі, 141-аят).

"Фурқан" сүресінде Алла Тағала: «Алла ысырапшылдықты жақсы көрмейді» («Фурқан» сүресі, 67-аят) деп бұйырады. Бұл сөздер адамға үлкен ой салады: берілген нығметті, байлық пен ризықты қадірлеу қажет. Кім ысырапқа бой алдырып, Алланың бергенінен асып түссе, ол нығметке шүкіршілік етпегенмен тең. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ысырапты қатты сынға алып, үмбетін әрбір істе орта жолды ұстануға шақырды. Ол Алланың берген нығметін қадірлеуді насихаттап, тіпті ең қажетті істерде де шектен шықпауға үндеді. Кейбір хадистер осы тәлімнің жарқын көрінісі.

Имам Ахмад Абдулла ибн Омардан (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте ерекше бір оқиға баяндалады. Бірде Пайғамбарымыз дәрет алып жатқан Сағдтың қасына келіп, таңдана сұрайды: «Бұл қандай ысырап, ей, Сағд?». Сағд түсінбей: «Суда да ысырап бола ма?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз: «Иә, тіпті ағындап тұрған өзеннің жағасында болсаң да», – деп жауап береді.

Осы жауаппен ол тіпті құлшылықта да ысырапқа орын жоқ екенін көрсетіп, басқа істерде де шектен шықпауды ескертеді. Мұндай сөзден жанға терең ой салады емес ысырапқа орын жоқ екенін көрсетіп, басқа істерде де шектен шықпауды ескертеді. Мұндай сөздер жанға терең ой салады емес пе? Тағы бір ғибратты хадисте Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) риуаят етіледі.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Әйел үйіндегі тағамнан ысырап етпей садақа берсе, сол садақасы үшін оған сауап жазылады. Оның күйеуіне тапқан еңбегі үшін, ал қазынашыға да сондай сауап беріледі, әрі ешкімнің сауабы басқасына кемімейді».

материал «Ысырап индикаторы» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: