26
Жұма,
Сәуір

һижри

Сәдуақас Ғылмани – нағыз иманның дәмін татқан адам

Ел арасында «Сәкен қалпе» атанған Сәдуақас Ғылмани – көрнекті қоғам және дін қайраткері, аудармашы, ақын. Ол қазіргі елорда іргесіндегі Ерейментауда және Ақмоланың өзінде мешіт имамы болды. 1952-1972 жылдары Қазақстан қазиятының қазиы, сондай-ақ Орта Азия және Қазақстан діни басқармасының мүшесі қызметін атқарды.

Әл-Фараби телегей-теңіз білімді қайдан жинады?

Әл-Фараби дүниеге келген уақытта Отырар қаласы ғылым-біліммен гүлденіп тұрды. Және сол тұста өмір сүрген зерттеушілердің жазғандарына қарағанда, бұл қала тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Ал Отырардағы кітапхана кітабының саны жағынан Мысырдағы Александрия кітапханасынан кейін екінші орында тұрған. Жергілікті халықтың өз қалыптасқан мәдениеті, түркітілдес жазуы болды.

50 мың адамды Исламға әкелген Малкольм Икс туралы не білесіз?

Малкольм Литтл 1925 жылы 19 мамырда Небраска штатының Омаха қаласында дүниеге келген. Анасы мектепте ұстаздық етсе, әкесі баптист, яғни дін қызметкері болатын. Ол Американың қара нәсілділерді жануарға теңеп, адам қатарына қоспайтын кезі. Мұндай қысымға шыдай алмаған Эрл Литтл азат өмір сүру үшін қара нәсілділерді өздерінің тарихи отаны Африкаға қайтуға үгіттей бастайды. Оған алты ағасының төртеуі ақ нәсілділердің құлдығында қайтыс болғаны да себеп болса керек.

Құранды ағылшын тіліне үздік аударған мұсылман ғалымы

Пайғамбарымыз (с.а.у.) заманында ақиқатты ақылымен ұққан кейбір яһудилердің Ислам дінін қабылдағанын білеміз. Ал кейінгі еврейлер мұсылмандармен бітіспес жауға айналды. Десек те, олардың арасында біздің бүгінгі кейіпкеріміз Мұхаммед Асад секілді Ислам дінін қабылдап қана қоймай, оның мәртебесін әлемде биікке көтерген еврей-мұсылмандар да аз емес. Мұхаммед Асад – қызметтік мансабын журналистикадан бастап, жазушы, дипломат, саясаткер, реформатор, БҰҰ-дағы Пәкістан елшілігімен жалғастырған “Меккеге жол” кітабының авторы әрі Құранды ағылшын тіліне аударған мұсылман ғалымы.

Түрмеге түскен Сәдуақас Ғылманиға келген Алланың көмегі

Қасиетті Құран Кәрімнің алты жүзден астам жерінде білім алудың абзалдығы жөнінде айтылады. "Зүмәр" сүресінің 9-аятында Раббымыз «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» деп білім иелерінің жоғары құрметке ие екенін меңзейді.

Исламның бүгінгі бет-бейнесіне айналған Мұхамед Салах

Мысыр футбол құрамасының ойыншысы, “Ливерпуль” клубының шабуылшысы Мұхамед Салахты бүгінгі Исламның бет-бейнесі көретіндер аз емес.

Зәйнәб Хузәймақызы – мейірімділік пен қайырымдылық анасы

Ол Алла елшісінің (с.а.с.) үйінде бар-жоғы 8 ай тұрып, жарық дүниемен қош айтысқан. Зәйнәб Бәдір соғысында жекпе-жекте шәһид болған Ғұбайда ибн Харис әл-Мутталибидің (Алла оған разы болсын) жесірі еді. Зәйнәб күйеуі шәһид болған кезде жаралыларға көмек көрсетіп, жарақаттарын таңумен шұғылданып жүргенді.

Пайғамбардың (с.ғ.с) үлкен қызы – Зәйнәб Кубра

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хадиша анамыздан төрт қыз, екі ұл көрген. Өкінішке қарай, ұлдары Қасым мен Абдуллаһ жастай дүниеден өтеді. Ал қыздарының ең үлкені Зәйнәб еді. Сондықтан да ол Зәйнәб Кубра (Үлкен Зәйнәб) деп аталатын. Кейінгі қыздары Руқайя, Умму Кулсум және кенжесі Фатима Заһра, Алла оларға разы болсын!