10
Бейсенбі,
Қазан

һижри

Бахауддин Нақшибәнд хазреттің Құран мен сүннетке беріктігі

Бахауддин Нақшибәнд хазреттің Құран мен сүннетке беріктігі

Ислам жұлдыздары

Бұл жол, яғни, тасаввуф жолы – Хақ нұры көрініс тапқан, жарқыраған бір көкжиек. Ешқашан өзіне дақ түсіруді қабылдамайды. Бұл жолдың өзегі мен рухын көргендер одан ешқашан дінге кереғар істі таппайды.

Шах Нақшибәнд хазреттің рухани ықпалында қарапайым халықтан да, зиялы топтардан да шәкірттері бар еді. Хұсамуддин Қожа Юсуф сияқты Бұхараның алдыңғы қатарлы ғалымдары оның сұхбаттарына қатысуға жан салатын. Бірақ, кейбір ғалымдар мұны араларында талқылап, Бахауддин Нақшибәнд (құддисә сирруһ) жайында кейбір артық нәрселерді айтады екен. Ақыры бір күні бұл қарсы топ Нақшибәнд хазіретпен бір мәжілісте бетпе-бет жолығып, қарсылықтарын баяндайды. Сонда Бахауддин (құддисә сирруһ) оларға:

- Келіңдер, жолымызды сендерге түсіндірейік. Егер Құран мен сүннетке қайшы жері бар болса айтыңдар, одан баc тартайық» - дейді. Хазреті Пірдің айтқандарын естіп, бұл ұлы тасаууф жолын жан-жақты сараптан өткізген дін ғалымдары, көздерімен көрген бұл ұлы ақиқаттың алдында қайшы ештеңе таба алмайды. Сосын әдептілікпен:

- Тақсыр, жолыңыз "сырат-ы мүстақим" екен (тура жол екен). Бұдан кейін біздің сізге қарсылығымыз жоқ!» - дейді.

ҚИССАДАН АЛАР ҮЛГІ:

Бұл оқиғадан түсінетіміз – нағыз тасаууф жолы Құран мен Сүннетті ұстануда өте берік, әрі шынайы. Өзінің ізімен жүрушілерге осы бағыт бойынша әрекет етуді меңзеген Шах Нақшибәнд, "сыртқы ілімге" жетік ғұламалармен ұстаспай, керісінше оларға: «Егер Құран мен сүннетке қайшы жағы болса айтыңдар, одан бас тартайық» деуі - ондай бағыттың бұл жолда маңызды екендігін білдіреді. Сондықтан бұл жолды ұстанушылардың байыптылық танытып, осы тап-таза жолға дақ түсірмеулері қажет. Ал, ғұламалар болса – шынайы салих пенделер. Егер олар «жаманшылық ғұламасы» деп аталатын жүректері мен ілімдері бұзылған, Хақ жолына қайшы әрекет ететін, ықылас пен тақуалықты көзге ілмейтін, Аллаһ достарының қасиеттерін жоққа шығаратын және Құранның сөзімен айтқанда, аз бір дүниелік үшін Аллаһтың аяттарын сататын надандар болған болса, олар мүлде басқаша шешім шығарған болар еді. 

КЕРЕМЕТ

Бір күні мүридтері Шах Бахауддин Нақшибәнд хазреттен керемет көрсетуін сұрайды. Сонда хазрет шәкірттеріне:

«Біздің кереметіміз жасырулы емес, бәріне белгілі. Қараңдаршы! Мойнымызда осыншама күнәнің жүгі бола тұра, тік тұрып, жер бетінде жүре аламыз. Осыдан да үлкен керемет бар ма?!» - деген екен.

материал «Иманнан ихсанға тасаввуф» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: